"Кешью" тобынан кеткен Ақбота тұрмысқа шыға ма?
Опубликовано:
"Кешью" тобынан кеткен әнші Ақбота Сеймағамбетті желі қолданушылары тұрмысқа шығады деп болжады.
Жуырда NUR.KZ порталына "Кешью" тобынан тағы бір әнші кеткелі жатқаны туралы ақпарат келіп түскен еді. Сенімді дереккөздің айтқан ақпараты бойынша, ол - Ақбота Сеймағамбет.
Не үшін топтан кеткелі жатқанын біле алмай дал болған жұрт енді оны тұрмысқа шықпақ деп болжады. Оған себеп, танымал тележүргізуші Анна Данченконың желідегі жазбасы болды.
Ол желіге Ақботамен түскен сурет салып, "Бақытты бол, сұлу қыз", - деп жазып қойды.
Мұны көрген желі қолданушылары:
"Шынымен шығатын сияқты ғой. Астар бар сияқты осы сөздің астында", "Тұрмысқа шығатыны рас па?", - деді.
Айта кетейік, он жыл ішінде топтың құрамы 7-рет өзгерді. Топта осы уақытқа дейін Әнел Арынова, Зумрад Гараева, Маржан Меңдібаева, Наиля Заитова, Мөлдір Әуелбекова, Жанар Дұғалова, Айдана Меденова, Кәмшат Жолдыбаева сынды арулар өнер көрсеткен.
Тағы оқыңыздар:
Алматыда тоқтамай жауған қардың салдарынан 75 жол апаты болған (фото, видео)
Қанат Ислам: Мен Канеломен де, Коттомен де кездесуге дайынмын (фото)
17 жасында миллионер болған қазақ баласы кім?
Немересімен жарысып билеген әжейдің биі жұрттың көңілін көтеріп тастады
Обама Трамп жайлы: Екеуміздің арамыз жер мен көктей
СҚО-да тұрғындар Лениннің атындағы көшелерден әлі құтыла алмай жүр (фото)
Атақты Карповтан жеңіліп қалған 3 жасар шахматшы көз жасын тоқтата алмады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1319577-keshyu-tobynan-ketken-aqbota-turmysqa/