Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова бұрынғы продюсерімен арада махаббат болғанын мойындады

Опубликовано:

Танымал әнші Мақпал Исабекова өзінің продюсері Ерік Тәстембековпен арада махаббат болғанын мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтып берді.

Бағдарлама барысында әнші өзінің жоқшылықта өткен балалық шағын есіне алып, "Superstar.kz" жобасына алғаш келген кезін сөз етті.

Оқырмандардың сұрақтарына жауап беру кезінде оған:

"Продюссер Ерікпен араларыңда махаббат болды ма?", - деген сұрақ қойылды.

Оған Мақпал еш бүкпесіз жауап берді.

"Әрине болды. Махаббатсыз мұндай нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес болар еді. Ол өзінің жұмысына берілген адам болғаны соншалық, мен оны қамқорлығында болғанда өзімді толығымен қорғалған баладай сезінетінмін.

Ешнәрсе туралы ойланбайтынмын. Мені өзінің мейіріміне, қамқорлығына бөлеп алды.

Мен тек қана ән айту, қалай киіну, қай жерде түсірілім болады деп қана ойланатынмын. Ол барлығын өз мойнына алды. Бұл махаббат емес пе? Мен ол адамды жақсы көремін, сыйлыймын", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар:

Әйнектері шытынаған «Бәйтеректі» жөндеуге 400 миллион теңге бөлінбек

Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Астана" алғаш рет жеңіске жетті (видео)

Сапарбаев қыздарын жұмысқа тұрғызу үшін $20 мың пара берген шенеуніктің жазалануын талап етті

Дәрігерлер бір аптаның ішінде аяздан үсіп қалған 20-дан астам адамның аяқ-қолдарын кесіп тастаған

Алматыда трансгендер еркекті көру үшін изоляторда кезекке тұрғандар көбейген (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1328529-maqpal-isabekova-burynghy-prodyuserim/