Елбасының рөлін сомдаған актерді "Мосфильм" адам құрлы көрмеген
Опубликовано:
Танымал актер, "Балалық шағымның аспаны" атты көркем фильмде елбасының рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжанов Мәскеуге барып өзінің ешкім емес екенін сезінгенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол бұл туралы "Қазақстан" Ұлттық арнасының "Бүгін жексенбі" бағдарламасында айтып берді.
Жүргізуші актерге: "Құдайға шүкір, қазақтың жігіттері сымбатты, бойшаң. Неліктен Ди Каприо сынды голливуд жұлдыздарының деңгейіне жетпеске?! Менің ойымша сіздің оған деңгейіңіз әбден жетеді", - деген сұрақ қойды.
Мұны естіген Нұрлан мәселе деңгейде емес, ол жақтағы актерлердің санында екенін айтты.
"Голливудта да өздерінің небір тұлпарлары бар. Ресейдің "Мосфильміне" барып, сіздердің киноларыңа түскім келеді дедім. Олар "Қабылдайық, Нұрлан. Бірақ сіз өз еліңізде жұлдыз екенсіз. Ал бізде сіз секілділердің бес мыңы бар. Голливудқа барсаңыз жиырма мыңы жүр деп бетіме айтты", - деді актер.
Тағы оқыңыздар:
Ақтауда қайтыс болған екі жасар қызға дұрыс диагноз қойылмаған
Шымкентте арнайы операцияда кезінде жезөкшелерден пайда көріп отырған "жеңгетайлар" ұсталды
Қазақстанның тұңғыш премьері отбасымен бірге бизнеске кеткенін айтты
Әнші Шахизада көзіне шөп салған күйеуіне үш қабатты үйін сыйға тартқан
Мешіттен телефон ұрлаған жігіттің әрекеті видеоға түсіп қалды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1346859-elbasynynh-rolin-somdaghan-akterge-mos/