Абай Бегей бой жетіп қалған қызын тоқалдыққа беру туралы естігенде шошып кетті
Опубликовано:
Отандық әнші Абай Бегей қызының біреудің тоқалы болуына жол бермейтінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы ол 31-арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты.
Бой жетіп қалған қызын біреудің тоқалы болуына деген көзқарасын сұраған жүргізушіге Абай Бегей таңырқай қарады. Ол бұған үзілді-кесілді қарсы екенін және ондайда көзіне елестете алмайтынын жеткізді.
"Олай болмайды. Ол маған келіп олай айтпайды", - деп кесіп айтты әнші.
"Ал қызыңыз жоқ, мен ол кісіні сүйем деп қоймаса ше?", - деп сұрақ қойды бағдарлама жүргізушісі.
"Негізі, тоқал алу дәстүрінің мәні балаларымен жесір қалған, күйеуі жоқ келіншектерді алуда жатыр. Оларға қамқор болып, жетімдік көрсетпей қамқор болу мақсатында орындалатын дәстүр. Ал жақсы көріп қалу деген жағдайларда тоқал алуға болмайды", - деді әнші.
Бүгінде қоғамда өзекті болып тұрған тоқал алу мәселесіне әншілер де түрлі көзқарастарын білдіруде. Мәселен, актер Ерік Жолжақсынов болса "егер қызым жақсы көріп тұрса, неге бермеске?" деген пікірін айтты.
Тағы оқыңыздар:
Петропавлда 15 миллион теңгеге салынған хоккей кортының шатыры опырылып қалды (фото)
Павлодар тұрғыны ұлтарақтай жер үшін өзін өлтірмек болды
Түрмеде аузын тігіп, қарнын тескен ақтаулықтар бостандықтағы өмірдің қиындығын айтты (фото)
Депутат Тiнiкеевтің жүрегі нашарлап, ауруханаға түсiп қалды
Ресейлік коммунист құрамына Қазақстан кіретін одақтас мемлекет құруды ұсынды
Қарсыластарын тізерлетіп қойып кешірім сұратқан қазақ қыздары желіні шулатты
Ахметжан Есімовтің көзбояушылығы Алматы тұрғындарын әбігерге салды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1353836-abay-begey-qyzynynh-toqal-boluyna-zhol-b/