"Тоқал" фильмінде басты рөлді сомдаған актер қызын тоқалдыққа беруді қолдайды
Опубликовано:
Жуырда ғана эфирге шыққан "Тоқал" фильмінде басты рөлді сомдаған Ерік Жолжақсынов тоқал алу мәселесіне дұрыс қарайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы ол 31-арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты.
Оның айтуынша, тоқал алу ол қазақтың салтында да, дін тұрғысынан алғанда да дұрыс екенін айтады.
"Бізде тоқал алуға, екінші әйел алуға болмайды деген заң шықты ма? Мұхаммед пайғамбарымыздың өзі бірнеше әйел алған. Соның ішінде балалы, жесір қалған әйелді алған. Сауабы тисін, балалары ер жетсін деп. Қыздарымыз ұстағанның қолында, тістегеннің аузында да кетіп жатыр. Жағдайлары бар ағалар неге алмасқа?", - деді ол.
Сонымен бірге, туған қызын өзімен жасты ер адамға тоқалдыққа беруге келісесіз бе деген сұраққа Ерік Жолжақсынов басында тосылып қалғанымен, артынша егер лайықты адам табылып жатса, неге бермеске деген пікірін жеткізді.
"Енді ол сұрақ, мен оған қанша қарсы шыққанымен ол жақсы көріп тұрса, мен әкелік парызымды айтам. Егер жігіттің өзі мен онсыз өмір сүре алмаймын десе әңгіме басқа. Әр әке өзінің әкесін қорғаштайды", - деді Ерік Жолжақсынов.
Тағы оқыңыздар:
Петропавлда 15 миллион теңгеге салынған хоккей кортының шатыры опырылып қалды (фото)
Түрмеде аузын тігіп, қарнын тескен ақтаулықтар бостандықтағы өмірдің қиындығын айтты (фото)
Депутат Тiнiкеевтің жүрегі нашарлап, ауруханаға түсiп қалды
Ресейлік коммунист құрамына Қазақстан кіретін одақтас мемлекет құруды ұсынды
Қарсыластарын тізерлетіп қойып кешірім сұратқан қазақ қыздары желіні шулатты
Ахметжан Есімовтің көзбояушылығы Алматы тұрғындарын әбігерге салды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1353905-toqal-filminde-basty-roldi-somdaghan/