Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнұр Тұрсынбаева ер-азаматтардың тоқал алуына қарсы еместігін айтты

Опубликовано:

Танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаева ер-азаматтардың тоқал алуына қарсы еместігін айтты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Қарақат біздің тарихта жоқ, қоғамда жоқ, біз білмейтін, түсінбейтін нәрсені айтқан жоқ. Бар болғаны "тоқал алам десе қарсы емеспін, менің сыйлығым сол болсын" дегендей қып айтты. Мен мұны қара пиар деп айтпас ем. Ол өзінің шынайы ықыласын білдірді. Оған үркіп қараудың қажеті жоқ", - деп өзінің өнердегі құрбысын жақтаған айтыскер ақын:

"Тоқал алу - мұсылман әлемінде де, қазақтың қоғамында да да бар нәрсе. Оған шошынып қараудың қажеті жоқ. Өйткені, ашық айтылмаса да біреудің екінші әйелі боп жүргендер қазір өте көп қой. Шындап келетін болсақ, біздің Абай атамыз да тоқалдан туған. Ата-бабаларымыздың қайсысы бір әйелмен шектеліп қалды? Бәрі де бірнеше әулетті ұстап отырған. Былайша айтқанда, біздің қазақ өзінің қазақтығынан қашып жатыр. Сондықтан да, әркім өз жағдайына, деңгейіне қарай есептейтін шығар деп ойлаймын", - деп тоқал алу мәселесіне оң көзімен қарайтынын білдірді.

Тағы да оқыңыздар:

Тұрсынбек Қабатов неге жылады, танымал дизайнерді "шошқаға" теңеген әнші кім?

Теңге бағамы жарты жылда алғаш рет рекордтық деңгейге көтерілді

Әкімнің тоқалы болғысы келетін қазақ қызы жалпақ жұртқа жар салды

Африкалық футболшы Қазақстан азаматтығын алғысы келеді

Қоқыс арасында отырып, бар зейінімен сабақ оқыған бала әлем жұртшылығын сүйсінтті (фото)

Ресейлік келіншек өзгенің баласын құтқарамын деп барысқа таланып қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1356957-aqyn-ata-babamyz-bir-ayelmen-shektelip/

pixel