Күйеуі ашынасының көзінше ұрған танымал қазақ әншісі жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

Танымал әнші Бағдат Сәмединова жеке өміріндегі қиындықтармен бөлісіп, оқырмандарға жан сырын ақтарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Қазақстан" Ұлттық арнасының "Әйел бақыты" бағдарламасында айтып берді.

- Сізге өнер адам ретінде өте қиын. Екі бірдей сұлу қызыңыз бар. Оларды қалай тәрбиеледіңіз? Үйде отырмайсыз деген сияқты?

- Ата-енем болды. Кейде сіңліме тастап кетіп жүрмін. Біздің тәрбиеміз қазақы ғой. Әжемнен көрген тәрбиемді балаларға беруге тырыстым. Жаман қыз тәрбиеледім деп айта алмаймын.

- Жаңа өзіңіз айтып кеткен болатынсыз ата-енеммен тұрдым деп. Енемнің кесірінен айрылысып кеттім дедіңіз. Сол кезде қыздарыңызға қалай әсер етті?

- Балалар ғой. Әкелерін жақсы көретін. Бірақ менің де одан көрген қорлығым жетеді. Егер көңілімде қалатын жақсы бір қылықтары болатын болса, мен оны іздеген болар едім. Оның ұрған кездері болды. Тіпті өзінің жүріп жүрген әйелінің көзінше ұрды. Ол әйел бізбен бірге істейтін. Мен соның көзінше ұрған кезде кешіре алмадым.

Күйеуім отбасында жалғыз бала болатын. Кейде кішкене ана ретінде баласын қызғанатын түрлі жағдайлар болатын. Одан кейін төрт қыз болатын. Бәрі бірігіп алады да ең жаманы мен болатынмын.

Шыдап, шыдап жүріп, аяғында кетіп қалдым. Бірге он алты жыл тұрдық. Марал әкесін қатты жақсы көретін", - деп есіне алды Бағдат.

Естеріңізге салсақ, өнер адамдарының қатарында да күйеуінен қорлық көрген әйелдер жетіп артылады. Әнші Шахизада, Жазира Байырбекова, Нағима Есқалиева, Баян Есентаева секілді т.б. әншілер өздерінің көрген қорлықтарын жалпақ жұртқа жайып салған еді.

Тағы оқыңыздар:

Әйгілі футболшы офсайд пен сары қағазды алып тастауды ұсынды

Атақты Lambada әнінің орындаушысы өлі күйінде табылды

ХҚКО-да көз жұмған азаматтың отбасына мемлекет көмек көрсетпеген

Тіс қаққан ұрылар енді мешітке ауыз сала бастады

Таразда туған қызын зорлаған 45 жастағы азамат сотталды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1381357-kuyeuinen-qorlyq-korgen-taghy-bir-tany/