Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ көрерменіне жақсы таныс Бурак пен Аслының үйленгені рас па?

Опубликовано:

Көпшіліктің жүрегін жаулап алған "Құлпынай жұпары" атты телехикаяда ғашықтар рөлін сомдайтын Бурак пен Аслының өмірі елдің барлығына қызық. Экранның арғы жағындағы махаббат шынайы өмірде жалғасын тапқан ба? NUR.KZ порталы қос актердің өміріне шолу ұсынбақ.

Аслының рөлінде актриса, биші, көптеген жарнамалық компаниялардың моделі  болған Демет Өздемир ойнайды. Оның 2015 жылы түсірілген "Құлпынай жұпары" деп аталатын фильмге түсуі даңқын аспандатып жібереді.

Бірнеше әлем елдерінде көрсетілген фильмнің бас кейіпкерлерінің арасындағы махаббат сезімі өмірде де асқақ па деген сауал ел арасында кеңінен таралып кеткен.

Аслының ғашығы Бурактың рөлін актер Юсуф Чим ойнайды. 1991 жылы туған актер де шығармашылық жолына бағыт алатынын білмеген. Ол Анадолыдағы университтердің бірін тәмамдаған. Студент бола жүріп, ол өзін модельдік қырынан танытып көрмекке шешеді.

Осылайша, аз уақыттың ішінде ол түрлі жарнамалық роликтерге түсіп, аз-кем ақша да табады.

Роликтерге түсіп жүрген жігіттің де жұлдызды сәті "Құлпынай жұпары" фильмінен соң асқақтай түседі.

2016 жылдың маусым айында елдің көңілінен шыққан жұп өмірде де бірге екен деген қауесет пайда болды. БАҚ өкілдері олардың бірге түскен суреттерін жариялап, бұл сыбысты растай түседі.

Телехикаядағы махаббаты өмірде жалғасын тапқан жұп ортақ демалыстарынан суреттер жүктеумен болады.

Алайда уақыт өте келе, бұл сыбыс саябырсағандай болып, халық олардың арасындаға махаббатқа күмәнмен қарай бастайды.

Араға бірнеше ай салып, көптің көзіне көрінбеген "Аслы" мен "Бурак" айрылысып кетті деген алып-қашпа сөздер де ел арасында өрши түсті.

Алайда 2016 жылдың қарашасында жұлдызды жұп қайта татуласып, табысады. Бұл туралы бүкіл Түркия БАҚ-ы жарыса жазады.

Өмір жолдарында ұқсастықтары көп актер мен актрисаның тойын қалың көпшілік асыға күтуде.

Бірқатар дереккөздерге сенсек, олар үйлену тойын 2017 жылы жасамақ ниетте екен.

Тағы оқыңыздар:

Ерлі-зайыптылар Шыңғыс ханның қабірін ашу үшін елбасыдан рұқсат күтіп отыр

Димашқа еліктеп ән айтқан қытайлық жігіт күлкіге қарық қылды (видео)

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды

"Әлем аруы" байқауындағы көздің жауын алатын ұлттық киімдер

Алматы қалың қардың құрсауында қалды (фото)

Назарбаев: Қазақ тілінің басымдығы сақталады

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1393748-qazaq-korermenine-zhaqsy-tanys-burak-p/

pixel