Шетелдіктер Еуропа көшесінде Шәмшінің әндерін орындап жүр
Опубликовано:
Еуропаның қақ ортасында Шәмшінің "Арыс жағасында" әнін орындаған шетел музыканттары елді сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ.
Танымал продюсер Ерғали Әбдірайымов бұл видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген.
Көше музыканттары баянмен "Арыс жағасында" әнін орындайды.
"Қазақтың əндері керемет қой! Біздің әндер шетелдерде, жалпы кез келген жерде орындалып жатса, олардың құдіреті күшті болғаны да", - деп жазды продюсер видеоның астына.
Мұны естіген желі қолданушылары қатты толқып, Шәмшінің қазақ ән өнеріне қосқан зор үлесіне риза болысты.
Олар шетел әншілеріне деген құрметін білдіріп, видео авторына да алғыс айтты.
Тағы оқыңыздар:
Алматылық балақай хоккейшілердің жеңілісінен соң көз жасын тоқтата алмады (фото)
Қазақ сериалдарының жұлдызы адам өлтіргені үшін 11 жылға сотталып кетті
Ресейліктер әдепсіз әрекетімен көзге түскен бапкер үшін ұялатынын айтты (видео)
Қырғыз қызын секс құлдыққа сатқан келіншек аяусыз соққыға жығылды (видео)
Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1404045-europa-koshesinde-shamshininh-anin-orynd/