Асхат Садырбай өзбек шоу бизнесіне қарап бой түзеуді ұсынды
Опубликовано:
Танымал журналист Асхат Садырбай өзбек эстрадасының көш алда тұрған тұсынан мысал келтіріп, өз әншілерін төбесіне көтеретін өзбек халқын мақтады деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, көрші өзбек халқынан біздің үйренеріміз көп, әсіресе шоу бизнестегі ұлттық идеология бізде ақсап тұр.
"Осыдан бірнеше жыл бұрын студент кезімде Ташкентке барғанда өзбекстандық әншілердің бір қалада, бір залда 3 күн 5 күн қатарынан концерт қоятынын көріп таңқалғам. Сол жақтағы таныстарымнан бұл қалай сонда, сыры неде деп сұрағанымда, әртүрлі әртістер бар, xалық жинаудың да әртүрлі тәсілдері бар деп жауап берген", - деген Асхат Ташкентте 12 күн қатарынан концерт беретін Юлдуз Юсмановаға таңданысын білдірді.
"Жақында ғана интернеттен өзбек эстрадасының примадоннасы, Өзбекстанның xалық әртісі Юлдуз Усмонованың Ташкент қаласында қатарынан 12 күн қойғалы жатқан концертінің жарнамасын көріп, аузым ашылып қалды. Бізде ше? Біз жұртты бір күнге әрең жинаймыз ғой. Ал, бізге Ресейден немесе Еуропадан бір жұлдыз келсе қырылып қаламыз ғой. Ол жақта керісінше. Өз әртістері бағалы. Юлдузға зал емес, залға Юлдуз керек", - деп күйінді ол.
"Оларға өткендегі тоқал алғысы кеп жүрген дударбас түріктің әншісі де, түйедей түкіргіш Серебро да керек емес. Бұл олардың талғамсыздығы немесе өркениетке ұмтылмауы емес. Бұл олардың ұлттық өнерді бәрінен биік бірінші орынға қоюы", - деп сүйсінді ол.
"Көршілерден көргенді істегенде тұрған ештеңе жоқ" екенін еске салған журналист оларға қарап бой түзеуді ұсынды.
Тағы оқыңыздар:
Шымкенттегі қытайлықтар жаңа жылда Алматыдан қымбат ішімдіктер алдырған
Семейде жалғызбасты ана аязда үсіп қалмау үшін автобекетке түнеп жүр (фото)
Ішкі істер министрі "Көк кит" ойынына шырмалған жастар үшін алаңдап отыр
Еліміздің діни басқармасы құлпытасқа сурет салуға қатаң тыйым салды
Люкс санатындағы көлік мінетін отандық әншілер кімдер? (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1407669-askhat-sadyrbay-ozbek-shou-biznesine-qa/