Елді өнерімен сүйсіндірген "Арнау" тобы неліктен тарап кетті?
Опубликовано:
Ғашықтар жырын жырлап, көпшіліктің көңілінен шыққан "Арнау" тобы ұзаққа бармады. Бір рет тарап, екінші мәрте қайта құрылған топ ақыры тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы порталға сенімді дереккөздердің бірі айтып берді.
Топ құрамындағы қос әнші де өз өнерімен елді сүйсінткен өнерпаздар. Салтанат Бақаева мен Нұржан Керменбаевтың орындауындағы әсем әндер көпшіліктің көңілінен шыққан-ды. Алайда бүгінде топ мүшелері өз шығармашылығын жеке-жеке дамытып жүр.
Салтанат қазақы нақыштағы "Әгугәй, құрбым" деп аталатын ән жазып, оған клип те түсіріп тастады. Ал Нұржан болса, жақында "Қара бала" әніне түсірілген бейнеаянын елге көрсетті.
Топ мүшелерінің бұлайша бөлек-бөлек өнер көрсетуі бостан босқа емес. Олардың жаңа шыққан әндері де, бірігіп түсірген бейнебаяндары да жоқ.
Дереккөздің хабарлауынша, "Арнау" тобы тарап, екі әнші екі бөлек кеткен.
Топтың неліктен тарағанын, араларында қандай түсініспеушілік орын алғанын сенбі күні сағат 22:10-да "Астана" арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасынан көріңіздер.
Тағы оқыңыздар:
Атырауды бір жыл басқарған Нұрлан Ноғаев қандай ісімен көзге түсті? (фото)
Ақтөбедегі даулы оқиғаға қатысты "Нұр Ғасыр" мешітінің өкілдері жауап берді
Ішкі істер органдарындағы ең сұлу қызметкерді таңдаңыз (фото)
Анджелина Джоли сарышаян мен өрмекшіні қалай жейтінін көрсетті
Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1416935-eldi-onerimen-suysindirgen-arnau-tob/