Отандық фотограф: Жұлдыздардың барлығы Шымкенттің тойында жүреді
Опубликовано:
Қалталы азаматтардың тойы қазіргі таңда жұлдызсыз өтпейтін болған. Оған куә ұшақтан ұшаққа секіріп, түрлі қалалардағы салтанатты кештердің көркі болып жүрген ән орындаушылардың көптігі. Ал елімізде ұлан-асыр той жасап, дүркіретіп қуанышын атап өтетін тойлардың ерекшесі қайда өтеді? Отандық фотограф Көркембектің айтуынша, Шымкенттегі тойларда еліміздегі барлық жұлдыздар жүреді.
Шымкентте тойдың фото-видео түсірілімімен айналысып жүрген Көркембек Досымбеков NUR.KZ порталымен осы уақыт аралығында өз көзімен көрген айрықша тойлар туралы естеліктерімен бөлісті.
«Біз үнемі сондай олигархтардың тойында жүреміз. Былайғы жұртқа қалада ондай «үлкен» адамдардың бар екені білінбейді. Тойына барсаң, шетелде жүргендей боласың», - дейді әуесқой фотограф.
Оның айтуынша, шымкенттік тойда Қазақстанның бүкіл жұлдыздары жүреді. Көркембек концерттерге осынша жұлдыздың жиналатынына күмән келтіреді.
«Бұл жақта елімізге танымал барлық жұлдыздар жүреді. Ойлап қарасаң концерттерге бұлай жиналмайды. Шымкенттің тойында жүрген сияқты бәрі. Тойдың өзі концерт сияқты өтеді. Қазақстан былай тұрсын, шетелден, Ресейден жұлдыздар келіп жатыр. Өзім талай рет Максим Галкин, Нюша, Филипп Киркоровтардың келіп өнер көрсеткен тойларын көрдім», - деп көргенімен бөлісті Көркембек Досымбеков.
Тағы оқыңыздар:
ШҚО-да жедел жәрдемді жеті сағат күткен келіншек анасынан айырылып қалды (фото)
Америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған анасына толғанысын жеткізді (фото)
ОҚО-да бір әулеттің ұрпағы 600 жылдық ғұмырын бала оқытуға арнаған (фото)
Өмірінде қарды бірінші рет көрген шаңғышы желіде жұлдыз болды (видео)
Айсәуле Бақытбек түрмедегі әкесін шығару үшін күресетінін айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1418810-otandyq-fotograf-zhuldyzdardynh-barly/