Қайрат Нұртастың туған күніне әйгілі боксшы Рой Джонс жүрекжарды тілегін арнады (фото, видео)
Опубликовано:
Танымал әнші Қайрат Нұртас өткен сенбі күні 28 жасқа толды. Ол туған күніне өнердегі әріптестерін шақырып, мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Қазақ әншісін тек қана отандық өнер жұлдыздары ғана емес, әйгілі америкалық боксшы, әлем чемпионы Рой Джонс та арнайы құттықтап, оған жүрекжарды тілектерін арнады деп хабарлайды NUR.KZ.
Туған күнге Қыдырәлі Болманов, Мейрамбек Беспаев бастаған қазақ өнерінің майталмандары келді.
Ал әншіні туған күнімен әлем чемпионы, аты аңызға айналған боксшы Рой Джонстың арнайы құттықтауы Қайраттың тыңдармандарын таң қалдырды.
"Қайрат Нұртас, сенің керемет әніңді естідім. Сенімен бірге бір күні ән айтамын деп үміттенемін. Сені туған күніңмен құттықтаймын", - деген ол әншіге өз тілектерін де жолдады.
Рой Джонстан құттықтау естіген Қайратқа тыңдармандары ақжарма тілектерін жаудырып, оған шығармашылық табыстар тіледі.
Тағы оқыңыздар:
Алматы облысында ер адам ауласына кіріп кеткен төрт жастағы баланы атып тастады (фото)
Голливудта 89-шы "Оскар" сыйлығын табыстау марапаты өтуде (онлайн-трансляция)
Назарбаев пен Путин жексенбіні Алматы маңындағы тау-шаңғы саяжайында өткізді
Димаш Құдайбергенді атақты Лара Фабианның өзі құттықтады (фото)
Назарбаев Нобель сыйлығына ұсынылды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1421600-qayrattynh-tughan-kunine-aygili-boksshy/