Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі өзіне сын айтқандарды "мәмбет" деп атады (фото)

Опубликовано:

Өнерге енді ғана аяқ басқан Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі Алтынай бүгінде ел назарына жиі ілігіп жүр. Аз уақыт бұрын сауық кештерінің біріне төстартқышпен келіп, желідегілердің наразылығына ұшыраған әнші енді өзіне сын айтқан тыңдарманына жекіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол желіге кіндігін ашып түскен суретін жүктеді.

JayRun тобының әншісі Алтынайдың бұл әрекетіне желідегілер түрліше пікір қалдырды. Оның мүсінінің мінсіз екенін айтып, тамсанғандар оған мақтау сөздер жазды. Ал кіндігін "жалаңаштау қазақ қызына тән емес" дегендер оны жерден алып, жерге салды.

Дегенмен, өзіне жағымсыз пікір қалдырғандарды әнші аяған жоқ. Ол "сыншыларды" сөзбен сыбап, олардың жеке басына қатысты жағымсыз сөздер айтты.

"Сабаңа түс, байғұс! "Мамбеткалардың" қатарын көбейтудің қажеті жоқ. Олар сенсіз де жетіп артылады", - деді ол.

"Көре алмасаң ішіңнен қызған. Бақытты бол!", - деп жауап қайтарды әнші.

Ал оның қайтарған жауабына, айтқан сөздеріне наразы болған тыңдармандар оны сөгіп тастады.

"Түсінбедім. Сонда сізден ашық-шашық киінбеуді сұрайтындардың барлығы "мамбеткалар" ма? Кім болсаңыз да, сөзіңізді дұрыстаңыз", "Алтынай, пікірлерге жауап жазудың қажеті қанша? Адамдар айтарын айтсын. Желіге сурет салған соң, түрлі пікірлерге дайын болыңыз, ел алдында жүрген адамсыз", - деп жазды олар.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында ер адам ауласына кіріп кеткен төрт жастағы баланы атып тастады (фото)

Голливудта 89-шы "Оскар" сыйлығын табыстау марапаты өтуде (онлайн-трансляция)

Назарбаев пен Путин жексенбіні Алматы маңындағы тау-шаңғы саяжайында өткізді

Димаш Құдайбергенді атақты Лара Фабианның өзі құттықтады (фото)

Назарбаев Нобель сыйлығына ұсынылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1421699-kamshat-zholdybaevanynh-sinhlisi-ozine-s/

pixel