Танымал режиссер атышулы Ninety one тобы туралы фильм түсіреді
Опубликовано:
Жуырда ғана қалың көрерменге жол тартқан «Келинка тоже человек» фильмінің режиссері Асқар Ұзабаев атышулы Ninety one тобының тыңдармандарын қуантып тастады. Ол осы күзде топ туралы кино түсіруді қолға алады.
Gakku арнасына берген сұхбатында «Ninety one тобының тыңдармандары көп пе?» - деп сұрақ қойған режиссер картинаның сценарийі жазылып жатқанын айтып қалды.
«Олар жайлы көбірек білгісі келетін адамдар, тыңдармандары аталмыш картинаға бара алады. Ол алдағы күз айларында жарыққа шығады», - деп мәлімдеді Асқар Ұзабаев.
Режиссер топ тыңдармандарын болашақ фильм туралы хабардар етті. Қолға алынатын туынды көркем фильм болады екен.
«Туынды жігіттердің өз аузынан шыққан сөздер негізінде жазылады. Олардың топқа қалай келгендігі жөнінде болады», - деді режиссер.
Тағы оқыңыздар:
Әйелін сот залында аяусыз пышақтап өлтірген қостанайлық тұрғын мұғалім болып шықты
Алматы облысында айы-күні жақындаған үш балалы әйелдің нәрестесі ішінде шетінеп кетті
ШҚО құтқарушылары тікұшақ құлаған жердің суреттерін жариялады (фото)
Үш бойжеткен Францияның күл-талқанын шығармақшы болды
Алматы облысында 15 жігіт үш азаматты аяусыз ұрып-соқты (фото, видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1424671-tanymal-rezhisser-atyshuly-ninety-one-toby-tura/