Отандық шоу бизнестегі тағы бір әнші тұрмысқа шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Ayumi тобының әншісі Айдана Шәріпханова тұрмысқа шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы топ продюсері Алуа Қонарова өзінің Instagram парақшасында айтты.

"Сіздермен жаңалығымызды бөлісетін уақыт жетті деп ойлаймын. Біздің шығармашылық отбасымыздың қуанышты хабары бар. Айданамыз тұрмысқа шығып жатыр.

Әйел адам тұрмысқа шығып, ана бақытын сезіну үшін өмірге келген. Бұл - оның басты мақсаты. Сондықтан, құрметті жанкүйерлер, Айданаға ізгі тілектеріңізді жаудыруыңызға болады", - деп жазды ол.

Белгілі, болғандай Айдананың жүрегін жаулаған Әнуар Мәлік есімді жігіт. Кеше Әнуардың шаңырағында беташар рәсімі өткен. Ал үлкен тойдың нақты қай уақытқа жоспарланғаны белгісіз.

Тағы оқыңыздар:

Баспанадан тарыққан зейнеткер бүйрегін сатуға мәжбүр болып отыр

Қазақстандық боксшы қыз ресейлік қарсыласын тізе бүктірді (видео)

Туысының жылқысын ұрлаған кәсіпкер ақыры сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1429419-ayumi-tobynynh-anshisi-aydana-sharipkhanova-t/