Әйелдер мерекесінде құшағы гүлге толған жұлдыздар кімдер?
Опубликовано:
8 наурыз барша нәзікжандылардың асыға күтетін мерекесі. Бұл күні бүкіл әлем гүлге оранып, арулардың жүзінен күлкі кетпейді. Ал жұлдыздарымыз бұл күнді қалай тойлады? NUR.KZ порталы 8 наурызда құшағы гүлге толған жұлдыздарды ұсынады.
Қарақат Әбілдина
Қарақат Әбілдинаның жары мен төрт ұлы әншіге тосынсый жасап, бөлмесін гүл шоқтары мен шарлармен сәндеп қойды.
Баян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызының сүйіктісі Тұрсынғали болса, құшақ-құшақ гүл апара жатқанын айтып, суретке түсті.
Айдана Меденова
Айдана Меденованың қызы мен жолдасы Әлігер әншіге таң атпастан раушан гүлдерін сыйлап, қуантып қойды.
Айнұр Тұрсынбаева
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваға да бұл күні гүлдің түр-түрі сыйға тартылды.
Әйгерім Қалаубаева
Елдің сүйікті әншісі Әйгерім Қалаубаева 8 наурызда ұзын голландилық раушан гүлдерін алды. Алайла гүлдердің түр-түрін сыйға алып жүрген әнші бұл жолы гүл шоғын көшеде серуендеп жүрген аруларға сыйға тартты.
Сәкен Майғазиевтің жарына жасаған гүл шоғы
Сәкен Майғазиев жан-жарына үлкен құрметпен қарайтыны белгілі. Бұл жолы да ол өз әдетінен талмай, жарына әдемі қызғалдақтарды сыйға тартты.
Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева да бұл күнді ерекше көңілді өткізді. Әдеттегідей Меруерт гүлге оранды.
Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекованың үш ұлы анасының үйін гүлге толтырды. Кісі бойымен бірдей раушан гүлдері анасының көңілін қуантты. Ал продюсер ана ұлдары мен жарының ілтипатына бөленгенін айтып, қуанышын оқырмандарымен бөлісті.
Кенжебек Жанәбіловтың жары
Кенжебек жарына арнап арнайы дастархан әзірлеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Халықаралық әйелдер күнін мейрамханада достарымен бірге атап өткен әнші жарына арнап ән салып берді. Ол егіз қызы мен жарына раушан гүлдер шоғын сыйлады.
Мәдина Сәдуақасова
Мәдина Сәдуақасованың сүйікті жары Олжас да бұл күні елден қалған жоқ. Мәдинаның әдемі күлкісі үшін ол алқызыл раушандарды сыйға тартты.
Тағы оқыңыздар:
Мұхамеджан Тазабек: Әйеліне сөзі өтпесе де, ұлтқа ақыл айтатындар бар
105 жастағы ақтөбелік әжей елбасына алғыс айтып, өлең оқып берді (видео)
Семейде мұз арығына түсіп кеткен он жасар баланың денесі табылды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1432328-ayelder-merekesinde-qushaghy-gulge-tol/