Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарақат Әбілдина бесінші баласын қашан босанатынын айтты

Опубликовано:

Танымал әнші Қарақат Әбілдина бүгінде өзінің бесінші сәбиін күтіп жүргені белгілі. Төрт ұлы бар Қарақат Әбілдина бесінші перзентін мамыр айында дүниеге әкелетінін айтты деп хабарлайды "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап NUR.KZ.

Әнші Қарақат Президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы кітапханада жастармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Қарақат көп балалы болу мәселесіне де тоқтала кетіп, өзінің де алдағы уақытқа бесінші баласына аяғы ауыр екенін жасырмады.

«Менің анам 16 құрсақ көтерген. Көзіміз тіріміз аз қалдық. Дегенмен, көпбалалы отбасында ауылда өстім. Анам өте қарапайым жан, ер азаматының жағдайын жасап, үйдің берекесін келтіріп отырған. Анам өмір бойы қызмет істемесе де, ерінің қас қабағына қарап, бала-шағасын бағып-қақты. Әкем ел басқарған абыройлы азамат болды.

Алтын тойларына жетпей қалып, он жыл бұрын дүниеден озды. Қазір немересі мен шөбересінің санынан шатастық. Құдайға шүкір, бармыз», - деді Қарақат.

«Сол балалардың ішінде баласы көбі - менмін. Ағаларым мен апайларым бір, екі, үш баламен шектелді. Менен кейін бір сіңілім бар, оның төрт баласы бар.

Ал, менің қазір көктемде жақсы жаңалық күтіп отырған жағдайым бар. Жоғалтқанымды іздеп жүрмін, төрт ұлым барын білесіздер, сондықтан жақсы жаңалық күтіп отырмын, жақсы ниеттемін»,- деп ағынан жарылды әнші.

Тағы оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек: Әйеліне сөзі өтпесе де, ұлтқа ақыл айтатындар бар

105 жастағы ақтөбелік әжей елбасына алғыс айтып, өлең оқып берді (видео)

Семейде мұз арығына түсіп кеткен он жасар баланың денесі табылды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1432363-qaraqat-abildina-besinshi-sabiin-mamy/

pixel