Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастан Оразбеков сөздері түсініксіз жаңа әнін жарыққа шығарды (видео)

Опубликовано:

Жуырда қазақстандық танымал әнші Дастан Оразбековтың «Сүйген жар» атты жаңа әні қалың көпшілікке жол тартты. Тыңдармандар әннің сөзінің ұйқасы жоқ, мағынасы жұтаң деген пікірлерін білдіріп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жаңалығын Instagram парақшасында оқырмандарымен бөліскен әнші видеоның анықтамасына былай деп жазған:

«Бұл қазақша нұсқадағы орыс романсы - менің балалық шағымның әуені. Нағашы атам Түсіпбеков Алайдар мен Мусаева Бәтия әжемнің орындаған әні. Әуен уақытқа тәуелді емес, сөздері қазіргі шақта да мәнге ие... Әнді сүйемелдеген Арман Дүйсенов».

"Құлыптап үкім бір жиям,Баруға маған тұңғиық. Сүйгенім мұнда болмаса, Басқаның маған бір тиын", - деп басталатын әннің сөзін түсінбеген кейбір тыңдарман «Айтып тұрған өлеңі өлең сияқты емес, түсірген клипі клип сияқты емес маған... Дегенмен, Дастанға сәттілік тілеймін!», «Әннің сөзін түсінсем бұйырмасын», «Әні әдемі болғанмен, сөзін дым ұға алмадым» деп пікір білдірген.

Тағы оқыңыздар:

Қуат "Найман": Шындықты айтатын адамдардың депутат болуы екіталай

Алматы облысының тұрғыны қыздарды шетелдіктердің қойнына салып бермек болған

Тұрғындар емхана қызметкерін кепілде ұстаған ақтөбелік жігіттің ақкөңіл болғанын айтуда (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1440213-dastan-orazbekov-sozderi-tusiniksiz/

pixel