101 жастағы қазақстандық актриса Skype қолданып, елдерді ұшақпен аралап жүр

Опубликовано:

Өткен жылы Қазақстанның халық әртісі Айша Абдуллина 100 жасқа толу мерейтойын атап өткен болатын. Өзгелердің тек қызығушылығын тудыратын кейуана туыстарымен Skype арқылы тілдесіп, Америкаға немересіне барып келуге де әзір деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстанға танымал халық әртісі қазір қызымен бірге Астанада тұрады. Актриса өзінің осы жасында ұзақ жолға шығудан да қорықпайды. Оның жүрген жолының ұзақтығы сонша, 3 сағат бойы Бішкектен Алматыға көлікпен жетіп, ары қарай Алматы-Астана авиарейсімен сапарын жалғастырған.

«Анам екеуіміз үшін жол жүру деген проблема емес. Анам көлікпен еш қиындықсыз жүре береді, ал ұшақпен ұшу туралы сұрақ туындағанда мен біраз уайымдап қалдым. Оның тікұшақпен ұшпағанына да бірталай уақыт болды. Таныс дәрігерге қоңырау шалып, кеңес сұрап көрдім. Ол маған анамның жүрегі мен қан қысымына абай болу керектігін айтып ескертті.

Дәрігер дәрі-дәрмек пен шай алып алуым керектігін айтты. Біз барынша дайындалдық. Бірақ ұшаққа отырғанымыз сол-ақ еді, ол Шымкенттен отырған бір ер азаматпен әңгімеге беріліп кеткені соншалықты, менің жолға алған шайыма да қарамады. Ақыры діттеген жерімізге қонар кезде таратқан шайдан жарты шыны шай ауыз тиюге көндірдім. Сөйтіп жақсы ұшып келдік», - дейді халық әртісінің қызы Айгүл Қарымсақова.

Бас қалаға актриса Айша Абдуллинаның бармауына болмады. Астанаға оны «Сахнагер-2017» театралдық премиясын табыстау үшін арнайы шақырды. Актриса «Театр өнеріне сіңірген ерен еңбегі үшін» марапатталды.

Қызының айтуынша, халықтың сүйікті әртісіне 1000 шақырым жолды жеңіл жүріп өту - оның актерлік өнерге деген ерекше ілтипатының арқасы.

«Әртістер өмір бойы жолда жүріп өтеді. Олар еңбек ері. Мен де театрдың баласымын, балалық шағымда үнемі анам қайда барса, арбамен болса арбамен, жүк көлігімен болса сонымен бірге еріп жүретінмін», - деп баяндады Айгүл.

Халықтың сүйіктісі Айша Абдуллина театрға бар өмірін арнады. Оның табалдырығын 15 жасында аттаған қыз 95 жасқа толдым дегенге дейін қызу жұмыс атқарған.

«Отелло» қойылымындағы Дездемонаның рөлімен алғаш сахнаға шыққан актриса өзінің ерекше сұлулығымен бірден көрермендердің жүрегін жаулап алды. Қазақстанда оны тіпті "Қазақстандық Дездемона" деп те атап кетті.

«1936 жылы мен Кремльге барып келдім. Мәскеуге қазақ өнерінің он күндігіне болдым. Біз Сталинмен дастарханда бірге отырдық, оның жанында Күләш Байсеитова, Жамбыл Жабаев та отырды. Біз жастар болып дастарханның төменгі жағына қарай отырдық. Олар болса бізге небір дәмділерді ұсынумен әлек болды. Бірақ біз Сталин мен Молотовтың айтқан сөздеріне зейін қойып тыңдағанымыз соншалық, қарнымыз ашқанын қонақ үйге барғанда бір-ақ сіздік. Содан не керек, кешкі асымызға нан жеп жатқанымыз бар», - деп өнер жолын есіне алды актриса.

"Сұрапыл соғыс басталған жылдары біз жаужүрек сарбаздарды жігерлендіру үшін де сахнаға шығып, өнер көрсетттік. Оқ пен оттың жанында бірге жүріп оларға ерік-жігер беріп отырдық"

Бүгінде оның кеудесіндегі медальдарды санасаң сан жетпейді. 1942 жылы 26 жаста болған қыз еңбек сіңірген әртіс атағын алса,  в 1958 жылы Халық әртісі атанды.

Бүгінде халық әртісі Қырғызстанда балалары мен туыстарының қамқорында тұрып жатыр. Шымкентке үнемі қонаққа барып тұрады. Skype арқылы немересімен сөйлесіп, оған бола Америкаға да ұшып баруға дайын. 

«Біз Алматыда, Астанада болдық. Анам болса, енді Шымкентке қашан барамыз деп сұрайды. Мен күліп, біраз ентігімізді басып, демалып алсақ қалай болады деп айтамын. Жақында Америкақа неше сағат ұшатындығымызды сұрады, яғни анамның Штаттағы немерелері мен шөберелерін көріп қайту ойында бар», - дейді Айгүл.

Ол анасының жігері мен күшінің сырын оған көрсетілген сый-құрметтің арқасы деп біледі.

«Бәлкім Алла Тағала оның жас күнінде жасаған ісі үшін аямай беріп жатқан күші болар. Жетімдерді өсіріп, жесірлерге қарайласты. Баршадан жақсылығын аямады, ешкімге ешқандай кінарат артпады. Барына қанағатпен жүре берді.

Ол халық әртісі атағын алғанда оған үлкен пәтерге көшуге ұсыныс жасады. Бірақ ол бұдан да бас тартты. Үш баласы бар көршісі көлік жүргізіп нәпақасын тауып, бір бөлмелі пәтерде тұрып жатқанда өзінің көше алмайтындығын айтқан. Қойылым сахналау барысында біреу кенеттен ауырып қалса, тез арада оны ауыстыруға дайын тұратын.

Мен өнерде жүрген көп адамды көрдім. Олардың бойынан менмендік, тәкаппарлық қасиеттерін байқап қаламын. Ал анам мүлде басқа. Ол өте қарапайым. Оның жанының соншалықты тазалығынан болар, жаратқан ұзақ ғұмыр жасауды нәсіп еткен», - дейді Айша Абдуллинаның қызы.

Тағы да оқыңыздар:

Даяшы халал тойға ішімдікті тығып кіргізетіндердің қулығын жайып салды

Қазақ журналисі Қуат Найманды жекпе-жекке шақырған балуанды сөгіп тастады

"Ақтөбе" футбол клубы жанкүйерлерінің қылығы үшін қомақты көлемде айыппұл төлейді

Дағыстандық аруға үйленіп, қалың малын алтынмен төлеген шейх әлем назарына ілікті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1449945-101-zhastaghy-qazaqstandyq-aktrisa-skype-qolda/