Италиялық әнші жігіт: Шетелге кетіп жатқан қазақ қыздарын сынға алады, бірақ бізге бәрібір

Опубликовано:

Қазақстанда тұрып, қазақша ән айтатын италиялық әнші Сон Паскаль шетелдік жігіттермен жүріп жүрген қыздарға қатысты пікірін жайып салды. Ол махаббат ұлтқа бөлінбейтінін алға тартты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Instagram желісіндегі жазбасында әнші жігіт өзінің сүйіктісі Асияны туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, ол шетелдік жігіттерге қараған қазақ қыздарының сынға ілігіп жататындығына қатысты пікірімен бөлісті:

«Туған күніңмен, Жаным! Бәз біреулер шетелдік жігіттерді таңдаған қазақ қыздарын қатаң сынға алады, бірақ бізге бәрібір. Сондықтан болар, екеуіміз 3 жыл қатарынан небір бақытты шақтарды басымыздан өткердік.

Махаббат ұлтқа бөлінбейді. Кез келген елдің жігіті махаббаттары шынайы болып, "күйеу бала" атанса мақтан тұтар еді», - деп жазды Сон Паскаль.

Осылай деп жазба қалдырған әншінің пікірін көпшілік қолдауда.

«Сіз шетелдік болсаңыз да құрметке лайықсыз. Біздің халқымызды, тілімізді жақсы көресіз, біздің тілімізде сөйлейсіз. Сондай тәрбиелі әрі құрметке лайықты жансыз», - деп жазды zhuldyzomirgali_ninetyone.

Асияның өзі сыни көзқарасқа үйреніп кеткен сияқты. Ол өзіне қатысты жазылған сыни пікірлерге қалжыңмен жауап беруге үйренген. Мәселен, ол сүйікті жігітімен түскен бір суретінің астына мынадай жазу қалдырған - «Қымызды маған қарағанда Паскаль жақсы көреді #уятпросто #неказашкасразу».

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде саңырау балалардың ата-аналары жанайқайын жеткізді (фото)

Астаналық кәсіпкердің тоқалы қызының да екінші әйел болуына қарсы емес (видео)

Қарағанды облысының тұрғыны өз әкесін балағаттағаны үшін жауапқа тартылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1451798-italiyalyq-anshi-zhigit-shetelge-ketip-zha/