Танымал сазгер бақуатты кісінің көңілдесі болып жүрген әнші қыздар туралы айтып берді
Опубликовано:
Танымал сазгер Қалдыбек Құрманәлі бақуатты кісінің көңілдесі болып жүрген эстрададағы әнші қыздар туралы шындықты жайып салды. Оның айтуынша, жақын танысы қазақ шоу бизнесіндегі 12 әншіге бір-бір зәулім үйден алып берген.
Бұл туралы ол "Хабар" арнасындағы "Біздің үй" бағдарламасында айтты.
Бағдарлама барысында өзінің әкесіндей адамға көңілдес болудан қашпайтын, керісінше соған ұмтылатын қыздар туралы да сөз қозғалды.
Осыған қатысты эфирге қонақ ретінде шақырылған сазгер ондай қыздар журналистер арасында да, әншілер мен ел алдында жүрген қыздар арасында да жетіп артылатынын тілге тиек етті.
"12 әншіге Алматыдан бір-бір коттеджден алып берген кісіні танимын. Ол қыздардың барлығы қазақ эстрадасында ел алдында жүргендер", - деп ашық айтты ол.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Метродағы жарылыста жаттығуға бара жатқан чемпион қаза тапты
Күтпеген жерден үшем туған ана бала-шағасымен үйге сыймай қалды
Төрешіні соққыға жыққан футболшы өмір бойына спорттан шеттетілді
Алматы тұрғыны шалшық үстіне тас жол қалап жатқандарға ашуланды (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1456932-tanymal-sazger-12-anshige-bir-bir-zaulim/