Туған күнін Астана мешітінде дүркіретіп атап өткен Қарақат сынға қалды (фото, видео)
Опубликовано:
Кеше әнші Қарақат Әбілдина өзінің туған күнін атап өтті. Ол барша достарын жиып, жеке меншік мерекесін Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінде атап өтті деп хабарлайды NUR.KZ.
Кешке тек қана қыз-келіншек жиналды.
Танымал тұлғалар мешітке орамал тағып келді.
Мешітте туған күнді атап өту секілді жаңа үрдіске жол ашқан Қарақатты желі қолданушылары түрлі пікірлерін айтты.
Кейбірі әншінің бұл әрекетін құптамаса, екіншілері, керісінше, оны жақсы үрдіске балады.
Кеш барысында Тамара Асар "Құрсақ шашу" салтын орындап, Қарақаттың аяқ қолын бауырына аман-есен алуы үшін жиналған қыз-келіншекке түрлі әшекей-бұйымдар таратты.
Мешітте жасаған туған күн кешіне әнші "Үміт көктемі" деген атау беріпті. Жиылған дос-жаран сол жерде "Құрсақ шашу" салтын өткізіп, аяғы ауыр Қарақаттың аман-есен босануына тілектестік білдірді.
Кешке оның жақын достары Айнұр Тұрсынбаева, Гүлбаршын Заирова, танымал журналистер мен әншілер келді.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Астанадағы ЭКСПО көрмесіне Арнольд Шварценеггер шақырылды
Африкада қолтырауын саяхатшының сол аяғын жұлып алды
СҚО-да миллиондаған қаржы жұмсалған хоккей корты қирап қалды
Бір-бірінің көйлегін алмастырып киетін жұлдыздар кімдер?
Талғат Теменов "Тоқал" фильмінің режиссерін "топас" деп атады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1458479-ayaghy-auyr-qaraqat-tughan-kunin-astana-m/