Ninety One тобымен енді бойжеткендер бақталаса бастады (фото)
Опубликовано:
Қазақстанда Q-pop бағытындағы тұңғыш қыздар тобы өз жұмысын бастады деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды.
Бұл бойжеткендер Q-pop бағытын дамыту мақсатында жасақталған алғашқы қыздар ұжымы. Үш әнші мен қос рэперден тұратын гелзбендте: Мақпал, Аружан, Айсұлу, Жанар, Дана есімді арулар өнер көрсетеді.
"Кристалл барлығымыз білеміз, ол әр түрлі болып келеді. Біз де, бесеуіміз де бес түрліміз. Топтың аты - Crystals. Кристалдың әр түрлі қырлары бар, біздің де 5 қыздың өзінің қыр-сырлары бар", - деді «Crystals» тобының мүшелері.
Естеріңізге сала кетсек, Ерболат Беделхан «Ninety one» тобын құрмас бұрын корейлік компаниялармен жұмыс жасап, аталмыш елдегі кәсіби мамандармен тәжірибе алмасқан болатын. Crystals тобының жетекшісі де, 4 жылын Кореяда өткізіпті.
"Кореяға 2011 жылы кетіп, 2015 жылы қайтып келдім. Сонда осы идея, бағыт «кью-поп» дейміз ғой, шығады, шықпайтынын білмедім. Осындай жүйені алып келгім келді. 2014 жылы ойымда болды. Ойланып жүріп, мен келген кезде «Ninety one» тобы шығып қойды", - дедйі топ продюсері Анарим Қуанышбек.
Топтағы арулардың жасы 16 мен 20-ның аралығында. Алматы, Ақтөбе, Орал, Қостанайдан келген қыздар, кастинг бойынша іріктелген. Арманына жету жолында кез-келген кедергілерге тас-түйін дайын.
"Әркімге ұнай бермейсің ғой, мысалы. Сондықтан, жағымсыз пікір болса, оның жанында әрдайым жағымды пікір болады. Сондықтан, жағымсыз пікірге қатты назар аудармай, жағымды пікір жазған адамдар әрқашан бізге шабыт береді", - дейді топ мүшелері.
Гелзбенд алғашқы бейнебаянын «Адастырма» деп аталатын әніне түсіруде.
"Біздің 5 қыздың 5 түрлі арманы болады. Және де арманына жеткен жаңағы жолды, осы клипте көрсетеді", - дейді олар.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Атырау облысында кішкентай апалы-сіңілі бүлдіршіндер суға кетті
Танымал ресейлік блогер тоқал алғыштармен күресу мүмкін еместігін айтты
Астаналық азамат бәйбішесінің рұқсатымен өзінен 20 жас кіші қызға үйленді (фото)
Күйеуін басқа әйелдермен ұстап алған келіншек амалы қалмағанын айтып, көмек сұрауда
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1465674-ninety-one-tobymen-endi-boyzhetkender-baqtalas/