Ән айтуға дәрігерлер тыйым салған әншілер кімдер? (фото)
Опубликовано:
Бар жоғы екі аптаның ішінде отандық эстрадағы бірнеше жұлдыздың денсаулығы сыр беріп, жұрт сүйікті әншілері үшін алаңдауда. Мәселен, «Жігіттер» тобының әншісі Мырзаханның дауыс желбезігі қабынып, ол Санкт-Петербург қаласына барып ота жасатып келген-ді.
NUR.KZ порталы Мырзахан секілді дауысы шықпай, әншілікті тастап кете жаздаған әншілерді назарға ұсынады.
Сәкен Майғазиев
Әншінің айтуынша, ол да бұдан біраз уақыт бұрын дауыс желбезігінің зардабын тартқан. Тіптен, қатты қиналғаннан мылқаудың күйін кешкенін айтады әнші.
Роза Әлқожа
Елдің сүйіктісі Роза да дауысы шықпай қиналған екен. Дәрігерлер оған 5-ақ жыл ән айтасың деген ескерту жасайды. Алайда әнші бүгінде әлі де бұл қиындыққа қарамастан ән айтуда.
Нұржан Қалжан
Дауыс желбезегіне ота жасатқандардың тағы бірі ерекше дауыс иесі – Нұржан Қалжан. Дәрігерлер оның тамағына темір салып берген көрінеді. Әншіні халық сахнадан жиі көрмей жүрсе де, оның әндері көпшіліктің есінде.
Ердос Қанаев
«Жігіттер» тобының әншісі Ердос та осы дауыс желбезегінен қиындық көрген. Кәсіби дерттен құтыла алмағанымен, ол да бүгінгі таңда өзінің мансабын жалғастыруда.
Әншілердің айтуынша, Мырзаханның денсаулығы қазір жақсы. Дауыс желбезегінің қабынып, дауыс шықпай қалі деген заңдылыққа айналғаны сонша, екі әншінің бірі тамағынан зардап шегеді екен.
Бұдан басқа қандай әншілерге ән салуға тыйым салынғаны туралы бүгін «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасынан сағат 22:10-де көре аласыздар.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Ақтөбеде үш баласын үш түрлі еркектен туған келіншек аянышты тағдырын айтты (фото)
Шекарада 50 мың долларынан айырылған әйелдің енді ұлы мен інісі жауапқа тартылмақшы
Ақыл-есінен айырылған қостанайлық келіншек туыстарына іздеу салды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1466826-aytugha-darigerler-tyyym-salghan-ansh/