Есін жиған Ернар Айдар жол апатынан соң алғаш рет елмен тілдесті
Опубликовано:
Жантүршігерлік жол апатына түскен Ернар Айдар есін жиып, өзі үшін дұға етіп, амандығын тілеген халқына алғыс айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Халыққа деген жүрекжарды сөзін ол өзінің желідегі парақшасында жазды.
"Қадірменді дос-бауырлар, оқырман қауым! Маған тілеулес әрі дұғада болған әрбір жанға Алланың нұры жаусын! Сіздердің арқаларыңызда болар осылай тез сауығып келе жатқаным.
Жаратқан ием алып та сынайды, беріп те сынайды. Дегенмен, қиындықтың бәрі артта, жағдайым бірқалыпты, жақсаруда! Аллаға шүкір! Барымызды бағалайық, қайда жүрсек те, асықпай жүріп анық басайық, қазағым", - деп жазды әнші.
Оның жазбасынан кейін әншінің денсаулығы үшін аландған жұрт қуанып қалды.
"Тезірек сауығып кет", "Енді асықпай жүріңізші өтініш, сіз үшін алаңдап қалдық", "Аман бол, Ернар. Көптің тілегі көл деген", - деп ағынан жарылды олар.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Қираған үйлер және эвакуация: Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланды
Қытайлық жанкүйерлер Димаштың анасына «мама» деп маза бермей жүр
Ел басқарған президенттер қанша жалақы алады?
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1467396-esin-zhighan-ernar-aydar-apattan-keyin/