БАҚ: Ақтық сында Димаштың микрофоны істемей қалған

Опубликовано:

Қытайлық Hunan Tv телеарнасынан көрсетілген «Singer 2017» халықаралық ән байқауының ақтық бәсекесінде микрофон үзіліп, Димаштың дауысы бәсеңдеп қалған деп жазады www.hsbaodi.com сайтына сілтеме жасап Қазақпарат.

Интернет қолданушыларының айтуынша, әнді айтып келе жатып, соңына қарай Димаштың дауысы мүлдем бәсеңдеп кеткен. Жұптық өнер көрсету барысында тек Димаштың жұбының дауысы ғана естіліпті.

«Сонымен қатар, тағы бір қытай әншісі Джаң Бичынның де әннің ортасына келгенде микрофонынан ақау шығып, дауысы мүлдем естілмей қалды. Осылайша, әнші микрофонды жақындатып айтуға тырысты.

Екеуі де айтарлықтай танымал әрі мықты әншілер, сахнада микрофонмен қиындық туындағанына қарамастан, олар жақсы өнер көрсете алды. Соңында Димаш екінші орынға ие болып, Джаң Бичын алтыншы орын алды. Бұл айтарлықтай жақсы нәтиже», - деп жазады Қытай сайты.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар: 

Қазақ халқының тарихына куә болған италиялықтар көз жасын тоқтата алмады (фото)

Жас жұбайларды әуреге салған атышулы әуе компаниясы тағы да дауға қалды

Ақтөбеде бір жасар сәби тышқан өлтіретін дәрі жеп уланып қалды

Ердоған 2029 жылға дейін Түркияны басқаруы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1468354-baq-aqtyq-synda-dimashtynh-mikrofony/