Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Есентаева Димаш Құдайберген өзін қызықтырмайтынын айтты (фото)

Опубликовано:

Отандық продюсер Баян Мақсатқызы аспан асты елін бағындырған Димаш Құдайберген өзі үшін қызық емес екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол өзінің Instagram-дағы жазбасына пікір қалдырған желі қолданушысының сұрағына жауап берді.

Желі қолданушысы Баяннан Димаштың жеңісіне қатысты неліктен пікір айтпағанын сұраған.

"Баян, ел алдында жүрген адам ретінде Димаш Құдайбергеннің жеңісі туралы пікір айтпағаныңыз таңғалдырып отыр. Ол туралы қазіргі таңда бүкіл Қазақстан, тіпті бүкіл әлем айтып жатыр. Сіз өзіңізді Димаш қызықтырмайтындай ұстайсыз", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Дегенмен, Баян Мақсатқызы көп кешіктірмей жауап жазып, Димаштың өзі үшін қызық емес екенін айтты.

"Ол мені қызықтырады дегенді сіз қайдан шығардыңыз? Әлде мен жұрт естігісі келген нәрсенің барлығына пікір айтуым керек пе?", - деп жауап берді ол.

Алайда, танымал продюсер біраз уақыттан соң өз пікірін өшіріп тастаған.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар: 

Кіші Чавес: Альварес ешқашанда Головкинмен кездеспейді

Financial Times: Орыс тілі бұрынғы беделінен айырылып қалды

Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуге дайын емес

Туған бажасын атып өлтірген ақтөбелік тұрғын 9 жылға абақтыға қамалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1469117-bayan-esentaeva-dimash-qudaybergen-ozi/