Ерке Есмахан студент кезіндегі суретімен өзін масқараламақ болғандарға жауап берді (фото)

Опубликовано:

Жуырда Ерке Есмаханның желіде пайда болған студент кезіндегі суреті қызу талқыға түскен болатын. Тыңдармандар суреттегі Ерке Есмаханды танымай, оны сүйікті әншісінің бала кезі деп қабылдаудан бас тартқан еді. Алайда әнші бұған еш қаймықпайды. Ол бұл суретті ел назарына ұсынған адамға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол  НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтты.

Осы фото ғаламтор беттерінде пайда болғанда, оқырмандар суреттегі аруға аса мән бермеген-ді. Емтиxан құжатында Есмаxанованың есімі жазылғанын байқағанда ғана, табынушыларының абдырап қалған. Ерке бұл сурет жайлы жан баласына жақ ашқысы келмеген екен.

"Қайдан білейін бұл суреттің хит болып кететінін. Сол кезде білсем 8-сыныпта әдемі болып, боянып түсетін едім сол суретке. Өзім негізі әппақ қызбын, бірақ ол жерде қап-қарамын, неге екенін білмеймін.

Шашымды, кекілімді неге қиған, шашым бұйра-бұйра. Сол суретті білмеймін қайсы ерінбей, тауып шығарғанын. Сол кездегіні есіме түсіріп жүзіме күлкі ұялатты. Керісінше сол адамға рахмет айтқым келеді", - деп жазды ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Алматыда 4 метро бекетін тексеру аяқталды

Велосипедпен жүру рак қаупін екі есе азайтады

4 жасар қыз жүріп бара жатқан автобустан құлап, жағын сындырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1475398-erke-esmakhan-student-kezindegi-suret/