Бес "бойдақ": Үйленсе де, жұбайын елден жасырып жүретін кімдер?
Опубликовано:
Бүгінде Қазақстан шоу бизнесінде жеке өмірін елден жасырып қана қоймай, тіпті үйленіп алған соң "бойдақпын" деп елге жар салу үрдісі белең алған. Жеке өміріне, жеке болғанда да отбасылы, бірнеше баланың әкесі екенін жасыратын жұлдыздар саны күн санап артуда. Қайрат бастаған әншілер тобы өмірлік жарын неліктен жасырады?
Қайрат Нұртас
Жуырда "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында Роза Әлқожа "Қайраттың анасы оны қыздар басқа ешкіммен елестете алмайды" деген пікірді айтқанын есіне алған. Дегенмен, Қайраттың жары, үш бірдей баласы бар екенін жұрт бұрыннан біледі. Себебі әлеуметтік желіде оның мінсіз сұлу жарының суреттері өріп жүр.
Төреғали Төреәлі
Қайраттың "жолын қуып" келіншегін жасырып әлек болатын әншілердің бірі - Төреғали. Сенімді дереккөздің айтуы бойынша, оның тіпті Кәусар есімді қызы да бар. Бұл тұста Төреғалидің әйелімен түскен тек бірнеше суреті ғана бар. Дегенмен, бұл суреттер оның бойдақ емес екенін аңғартады.
Нұрболат Абдуллин
Өзін бойдақпын деп жар салатын, солай бола тұрса да, отбасы барын құпияда ұстайтын әншілердің қатарын Нұрболат Абдуллин да толықтырып отыр.
2015 жылы отбасын құрған әнші әлі күнге дейін әйелін елге көрсетпей келеді. Көрсетпегені өз алдына, ол тіпті үйленгенін де елге айтқысы келмейді. Дегенмен, әлеуметтік желіден оның тойындағы суреттерін көптеп табуға болады. Жарының есімі - Гүлфарида.
Айқын
Әлеуметтік желідегі парақшасынан Айқынның үйленген-үйленбегенін анықтау мүмкін емес. Себебі ол жеке өмірін аса құпия ұстайды. Дегенмен ол 2016 жылы алғаш рет өзінің әйелін көрсетті. Сосо Павлиашвилимен бірге түсірген клипіне ол келіншегін түсіріп, елді таңғалдырды. Айқынның әйелінен бөлек, екі баласы барын жұрт сол кезде бір-ақ білді. Дегенмен, ол қазірдің өзінде өзінің жарын жасырумен жүреді.
Әбдіжаппар Әлқожа
Әбдіжаппар Әлқожаның үйленгені бүкіл елге белгілі болғанымен, оның әйелімен бірге түскен бір ғана суреті жұртқа таныс. Себебі ол отбасын көрсетпеуге барынша тырысып бағады.
Отандық арналарға берген сұхбатында ол отбасын көрсетуде жөн санамайтынын жеткізген.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Қонақүйде көңілдесін тонап кеткен қостанайлық келіншек ұятқа қалды
Ақтөбеде мұғалімдерге үйінің кірін жуғызып, тамағын жасатқан мектеп директоры қызметінен кетті
Путиннің фотосынан жын көргендей шошитын мысық желіде жұлдыз болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1477101-bes-boydaq-uylense-de-zhubayyn-elden-zh/