Желіде Айқынның "Кешью" тобының бұрынғы әншісін ұзатып әкеткен видеосы тарап кетті (видео)

Опубликовано:

Желіде Айқын Төлепбергеннің "Кешью" тобының әншісі Жұлдыз Өмірғалиге сырға салып жатқан видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода Жұлдызды туған-туыстары үйінен шығарып салып, Айқын оны көтеріп алып бара жатқаны көрінеді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Айқын Төлепбергеннің Жұлдызды өзіне тоқал етіп алатыны жайында ақпарат тарап кеткен болатын.

Атап айта кету керек, бұған дейін "Кешью" тобындағы Ақбота Сейітмағамбет те топтан кетіп, үш баласы бар әзілкеш Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шыққан болатын. Оның мамыр айында ана атанатыны белгілі болған.

Ақботамен бірге Баян Есентаева Жұлдыз Өмірғалиді де топтан шығарып жіберген еді. Мұның себебі ретінде Жұлдыз өзінің кәсіби әнші еместігін алға тартқан болатын.

Ал Айқын Төлепберген бүгінде екі баланың әкесі атанған. Әйелін елден жасырын ұстайтын әнші алғаш рет 2016 жылы бейнебаян түсіріп, онда өзінің жарын елмен таныстырған.

Айқынның директоры Петр болса, бұл жайттың шындыққа жанаспайтынын айтып отыр. Желі қолданушылары да Айқын жай ғана киноға түсіп жатқан болуы мүмкін дегенді алға тартуда.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Жат ағымның жетегіне ергендерді құтқару мүмкін бе?

Арбаға ит жегіп алған зейнеткер әжей жұртты таңғалдырды (видео)

Венесуэла президенті елдегі ең төменгі жалақыны 60 пайызға өсірді

Бұлтты күндер артта қалды: Еліміздің басым бөлігінде күн жылынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1481687-ayqyn-tolepbergen-keshyu-tobynynh-bury/

jitsu gif