Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі ең бай бизнесменнің қызын алған отандық әнші дүркіретіп той өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

"Aл Давай" тобының әншісі Шоқан Маратұлы дүркіретіп үйлену тойын өткізді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Табиғат аясында өткен ерекше тойдың видеосын әншінің өзі желі парақшасында жария еткен.

Одан бөлек әншінің әріптестері де той сәтінен фотолармен бөлісуде. Аша Матай Шоқанға тойдың құтты болуын тілеп, мерекелі дастарқанда отырған сәттерінен фотоларды жария еткен.

Бұған дейін әнші таңдауы Әнел есімді бойжеткенге түскенін және оны өзіне лайықты жар деп тапқанын айтқан болатын. Ол өзінің сүйіктісіне жетінші сәуір күні үйлену туралы ұсыныс жасаған еді.

Tengrinews.kz порталы нақтылағандай, Әнел Баталова - еліміздегі ең бай кәсіпкерлердің бірі Райымбек Баталовтың қызы.

Ол Алматы хайуанаттар бағын дамыту қорының қамқорлық кеңесінің басшысы, сонымен бірге Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы болып саналады. Бұдан бөлек, Әнелдің әкесі Forbes журналының қазақстандық нұсқасындағы ең үздік 50 бизнесмені қатарына енген.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Күйеуі мен туыстарын жек көретін келінге қалай тығырықтан шығуға болады?

Әйелімен рулетка ойнаған ер адам оны өлтіріп алды (фото)

БҚО тұрғыны полицейден көрген қорлығын айтып берді

Апатты жағдайда қонған Bek Air ұшағына қатысты тергеу басталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1499082-elimizdegi-enh-bay-biznesmenninh-kuyeu/