Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әншіге ұл сыйлаған продюсер хабарласпай кеткен сүйіктісіне ренішін өлеңмен жеткізді

Опубликовано:

Танымал әншіге ұл туып бергенін айтып, бар құпиясын елге жайып салған продюсер Жанна Абуова желіге ұлымен түскен суретін жиі салады. Ол белсенді түрде жазба қалдырып, түрлі ақындардың өлеңдерімен де жиі бөліседі.

Бұл жолы продюсер Күләш Ахметованың "Хабарласпай кеткенің дұрыс болды" деген өлеңін оқырманға ұсынып, өзінің көңіл күйін өлеңмен жеткізді.

"Хабарласпай кеткенің дұрыс болды,

Көңілі таңғы судай салқындасын деген шығарсың,

Оңашада қаймығып, ән тыңдасын деген шығарсың.

Менен басқа өмірді де есіне алсын деген шығарсың,

Егіліп жыларсың да басыларсың деген шығарсың.

Май айында басынан күзді өткерсін деген шығарсың,

Сүйетіні шын болса, іздеп келсін деген шығарсың", - деген өлең жолдарын жазды ол.

Мұны оқыған оқырмандар оған сабыр тілеп, түрлі жағымды пікірлерін аямады.

"Қыздың назы, қыздың мұңы. Ол жігіт сіздің махаббатыңыз түгілі, тырнағыңыздың ұшына да татымайды ғой. Алла бəріне де куə, Аман болыңыз. Ұмытатын уақыт та келер", - деп жазды оның оқырмандарының бірі.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Жер тепкілеп жылайтын баланы қалай жөнге салуға болады?

Абель Санчес: Головкин "Канелоны" қорғануға мұршасы қалмағанша сабайды

Кремльде ашулы қарғалар депутаттар мен шенеуніктерді талап тастады  (видео)

Бір сәтке алаңдап кеткен атыраулық атай металл бағанды құлатып тастады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1503638-tanymal-anshige-ul-syylaghan-otandyq-pr/