Айнұр Тұрсынбаеваның мектеп бітірген ұлы соңғы қоңырауға қалай дайындалды? (фото)
Опубликовано:
Айтыскер Айнұр Тұрсынбаева ұлы Бекланның соңғы қоңырау күнін қалай атап өтетін, ұлының болашақ мамандығы туралы айтып берді. Осы және өзге сұрақтарға ол NUR.KZ порталына берген сұхбатында жауап берді.
Ақынның айтуынша, Беклан бүгін елордадағы мектептердің бірін тәмамдап, соңғы қоңырау салтанатты шарасына белсене қатысқан.
«Беклан №56 мектепті бітіріп жатыр. Соңғы қоңырауға өте қатты дайындалды. Ол осы мерекені ерекше толқып, күтіп жүрді. Соңғы қоңырау күнін сыныптастарымен бірге өткізеді.
Сыныптары өте ұйымшыл, түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, мектеп вальсін билеген жайы бар. Сол сыныптастарының арасында, барлық шаралардың бел ортасында Беклан да жүрді", - деді ол.
Танымал ақын ұлы Бекланның соңғы қоңырауға арнайы сатып алынған костюмінің бағасы жөнінде айтқысы келмеді.
«Костюмі, киген киімдерінің бағасын айтпай-ақ қояйын. Қатты қымбат дүние емес. Жалпы, балаларға мектеп жасында қымбат киінуге о бастан бастап үйретпегенмін.
Сондықтан қарапайым, ел қатарлы костюм, аяқ киімін алып бердік. Осы костюмді соңғы қоңырауда, мектеп бітіру кешінде, университетке барғанда киесің деген есеппен, сапасы жақсылау дегенінен таңдап алдық», - деп қысқа қайырды ол.
Естеріңізде болса, күні кеше Айнұр Тұрсынбаева инстаграм парақшасына ұлы Бекланның соңғы қоңырауға даярланып жатқанын айтып, сурет жүктеген еді.
Дегенмен, Айнұр ханым ұлының қандай мамандыққа түсетіне белгісіз екенін алға тартты.
«Қай мамандықты таңдайтындығы әлі белгісіз болып жатыр. Қалай болған күнде де, ержеттің, мектеп бітірдің, өзің таңда деп отырмыз. Өзі информатика жағына барсам ба деп отыр. Ол жағын ҰБТ-да алатын балына да қарап білетін боламыз»,- деді айтыскер ақын.
Сондай-ақ, Тұрсынбаева жалғыз ұлының мектеп бітіруіне орай, Бекланға әзірге қандай да бір сыйлық тарту етпейтінін жеткізді. Айтуынша, ұлы ҰБТ-ны сәтті тапсырып, жоғарғы оқу орнына түскен соң ғана сыйлық әзірлейтін көрінеді.
Сонымен бірге, белгілі ақын өзінің инстаграм парақшасында ұлының мектеп бітіруіне орай жыр арнап, еліміздің барлық түлектері мен ата-аналарын бүгінгі айтулы күнмен құттықтады.
"Құлыным!
Бір Алла жақ болсын деп,
Ниетің ақ болсын деп,
Мінгенің ат болсын деп,
Басыңа бақ қонсын деп,
Тілектес, жанашырлар
Жаныңа тап болсын деп..
Аллаға алақан жайдым..!", - деп жазды ол.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Жер тепкілеп жылайтын баланы қалай жөнге салуға болады?
Абель Санчес: Головкин "Канелоны" қорғануға мұршасы қалмағанша сабайды
Кремльде ашулы қарғалар депутаттар мен шенеуніктерді талап тастады (видео)
Бір сәтке алаңдап кеткен атыраулық атай металл бағанды құлатып тастады (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1503952-aynur-tursynbaevanynh-mektep-bitirge/