Өзге әйелдің арбауында кеткен отандық жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Бүгінде Қазақстан шоу-бизнесінде өзге арудың жетегінде кетіп, отбасы мен бала-шағасынан ажырап жатқан ер азаматтардың саны күрт көбейіп кетті. Отбасынан ажырасып жатқандар арасында танымал өнер жұлдыздары да жетерлік.

Сейфуллин Жолбарыс екінші рет орыс ұлтының қызына үйленген.

"Шашы ұзын қыз" деп әндетіп, талай қыздың жүрегін жаулаған Мұрат Қожада екінші рет отау құрған.

Дәурен Айдарқұлов үш перзент сыйлаған жұбайымен ажырасып, Кешью тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбетпен екінші рет отау құрды. Жұбайлардың үйлену тойлары әлі өткен жоқ. Алайда,  аяғы ауыр Ақбота тұңғыш сәбиін күтіп отыр.

Танымал композитор Марат Омаров та бірінші жарымен дәм-тұзы жараспай, бөлек кеткен болатын.

"Мария Магдалена" әнінің орындаушысы Асхат Тарғыновтың шаңырағы әншінің шығармашылық мансабынан кейін шайқалды. Жақында ғана Асхат жас қызға үйленіп, шетелде бал айын өткізіп келді.

Танымал бизнесмен Тұрсын Алагөзов Баян Есентаеваға ғашық болып, бірінші жары Ляйсирамен ажырасуға өтініш бергенін мәлімдеген болатын.

Айқын Төлепбергеннің жарымен ажырасқаны туралы нақты ақпарат жоқ. Дегенмен жақында ғана әншінің Кешью тобының экс-әншісі Жұлдыз Өмірғалиға сырға салып, ұзатып бара жатқан видеосы пайда болған.

Бөтен әйелге кетуге  қатысты пікір білдірген әнші Бағлан Әбдірайымов мұндай шешімнің өзі үшін қиын екенін айтты.

"Басқа бір арудың жетегінде кету деген мен үшін сәл-сәл қиынырақ", - десе,  Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова "Ер адамдардың ойы арамдыққа кетпейді, көбіне мұндай әрекет қыздардан шығады", - деп пікір білдірді.

Бұл туралы толығырақ сенбі күні, кешкі сағат 22:20-да "Астана" телеарнасының "Ел аузында" бағдарламасынан көре аласыздар.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Мексикалық боксшымен кездескен Қанат Ислам жеңіске жетті

АҚШ-та өткен жекпе-жекте Жанқош Тұраров жойқын басымдылықпен жеңіске жетті

Жертөледе екі баласымен қайыр сұрайтын шымкенттік келіншек қалай жан бағып отыр? (фото)

Ақтөбеде соңғы қоңырауда облыс әкімін күткен мектептен шу шықты

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1505687-ozge-ayeldinh-arbauynda-ketken-otandy/

jitsu gif