Белгілі әнші өзі өнер көрсететін топтан кетпекші (фото)

Опубликовано:

Гүлнұр Назарбаеваның жетекшілігімен құрылған BN тобы жұмысын тоқтақпақ. Топ құрамындағы Альбина Малайзияға оқуға аттанатынын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "КТК" арнасының "Инсталайық" бағдарламасында айтты.

Оның айтуынша, ол биыл жазда немесе күзге таман Малайзияға оқуға аттанбақ.

"BN тобы жұмысын тоқтатқалы жатыр. Себебі мен Малайзияға оқуға аттанамын. Мамандығымды ауыстырып, енді дизайнер боламын", - деді ол.

Айта кету керек, Альбина әлі мектеп оқушысы. Солай бола тұрса да, ол оқуымен бірге өнерін де қатар алып жүріп, топпен брге гастрольдік сапарларға да жиі барып тұрады.

Тағы оқыңыздар:

Бибігүл Төлегенова: Қайрат пен Димаштың арасы жер мен көктей

Оның айтуынша, шетел асып, білім қууға оның анасы Гүлнұр кеңес берген.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1508212-belgili-anshi-ozi-oner-korsetetin-topt/

jitsu gif