Жазира Байырбекова Қайратты бір-ақ күнде жер қылғандарға ренжіп қалды

Опубликовано:

Қазақтың бұлбұлы саналатын Бибігүл Төлегенованың пікірінен соң жұлдыздар Қайрат пен Димашқа қатысты ойларын жарыса жаза бастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Осыған қатысты танымал әнші Жазира Байырбекова да өз пікірін айтып қалды.

Тағы оқыңыздар: Танымал продюсер Қайрат пен Димашты салыстырғандарға ашынды

"Неге осы біреуді мақтау керек болса, біреуді жамандауға жанымыз құмар, а?! Қанша жылдан бері еңбектеніп, көпшіліктің сүйіктісіне айналып келе жатқан Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?! Қайратқа Димаштай болу, Димашқа Қайраттай болу міндетті емес. Әр әншінің өз стилі, өз жолы бар.

Эстрада әншісі, классикалық әнші, дәстүрлі әнші, джаз әншісі сияқты әншілер түр-түрге бөлінеді. Музыкалық аспаптар сияқты әр әншіден әртүрлі үн тыңдауға болады.

“Қобыздың үні ұнап тұр” деп домбыраны лақтырып сындырып тастауға дайынбыз ау… Димашқа да оның өнердегі ағасы Қайратқа да шығармашылық табыстар тілейік!", - деп жазды ол өз парақшасында.

Еске сала кетсек, Қайрат Нұртас өзін өзге отандық әншілермен, әріптестерімен, Димашпен салыстыратын жандарға ренішін білдірген еді. Ал әншінің анасы ұлын Төреғалимен, Димашпен салыстырып, қайсысы мықты екенін анықтағысы келетіндерге өз жауабын берген.

Ал күні кеше отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында Бибігүл Төлегенова Димаш пен Қайраттың арасы жер мен көктей екенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1509296-zhazira-bayyrbekova-qayratty-bir-aq-ku/

jitsu gif