Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотында мемлекеттік қаржыны жымқырды деп айыпталған "Феникс" фильмінің түсірілім тобының мүшелеріне қатысты үкім шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Судья айыпталушыларды кінәлі деп тауып, Тұңғышбай Жаманқұлов 189-бап ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша 7 жылға шартты түрде сотталды.

Рақымшылық туралы заңға сүйене отырып сот Жаманқұловтың жаза мерзімін екі есе қысқартты - 3,5 жыл.

Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің пайдасына 3, 4 млн теңге беруге міндеттелген.

Тағы да оқыңыздар: Обама Иванка Трамптың жанынан 8 млн долларлық үй сатып алды (фото)

Талғад Жәнібеков те айыпты деп танылып, шартты түрде 7 жылға сотталды.

Ал, "Қазақфильм" АҚ бұрынғы топ-менеджері Гауһар Ысқақоваға 1 жыл шартты түрде соттау туралы шешім шығарылған және сот залында қамаудан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1510209-qazaqstannynh-khalyq-artisi-tunhghyshbay/