RU

"Еуразия" кинофестиваліне әйелдерше киініп келген танымал вайнер жұртты шошытты (видео)

Астанада өткен "Еуразия" кинофестивалінде танымал вайнер Нұрлан Батыров қызыл кілем үстіне әйелдерше киініп шығып, жұртты шошытты деп хабарлайды NUR.KZ. 

Үстіне қызыл көйлек пен жасанды бұйра шаш киіп алып, көрермендерге жейде лақтырған "ақымақ әйел" фестивальге өнердегі образымен келген.

Нұрланның  Instagram желісіндегі "Безумная женщина" парақшасының қолданушылары оның мұндай батыл әрекетін қолдап, "нағыз ақымақ әйел осылай жасайды", "Жарайсың, қызыл кілемге қызыл көйлегің жарасып тұр" десе, енді біреулер жігіт адам үшін мұндай қылықтың ұят екенін жазған.

Тағы оқыңыздар: 36 тіл білетін астаналық таксист туристердің өзін таңғалдырды (фото)

"Бұл адам шошырлық. Әрине мен мұндайды күтпедім. Әзіл үшін бірнеше ролик түсіруге болады, бірақ кинофестивальге осылай бару масқара. Оның үстіне ер азамат үшін", - дейді тағы бір қолданушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1564284-euraziya-kinofestivaline-ayeldershe-k/