Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың келіні тойдағы тым ашық көйлегі үшін елдің сынына қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың інісі Аян жуырда шаңырақ құрып, Алматы төрінде дүркіретіп үйлену ойын өткізді. Айдарбековтер әулетіне жаңадан түскен келінді көпшілік тойда ашық көйлек кигені үшін қатаң сынға алды.

"Ұят енді мына көйлек, ұят", "Көкірегі сәл жабықтау көйлек кисе жақсы болар еді", "Көйлегі ашық-шашық, олай кеудені ашуға болмайды",  "Енесін койшы әйел ғой, атасының алдында Нұртас ағайыңыздың алдында қалай жүр мына келін? Қаншама ақсақалдар отыр тойда?!

Қыздың шешесі қайда қараған, әкесі қайда қараған?! Омырауын ашып, жарқыратып қалай әкелген мына қызын құдаларына. Әп-әдемі үлгілі отбасына келін болып түсіп жатыр. "Омырауыңды жап, сен енді келінсің деп", - деп ешкім айтпаған ба сонда. Ұят, ұят өте ұят" , - дейді желі қолданушылары.

Оқырмандар жас келіннен бөлек, оның қайын енесі Гүлзира Айдарбекованы да сөгіп тастады.

Тағы оқыңыздар: Сәкен Майғазиев: Шақалақтардың шыңғырғаны құлағымнан кетер емес

Еске салсақ, Қайрат Нұртастың інісі Аян Нұртас жуырда бала күнінен бастап достасқан сүйіктісімен шаңырақ құрып, үйлену тойын өткізген.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1605984-qayrat-nurtastynh-kelini-tym-ashyq-koyl/

pixel