Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек әніне "пародия" жасаған Мақпал Жүнісова елді күлкіге қарық қылды (видео)

Опубликовано:

Ел арасында танылғанына аз уақыт болғанымен, талай тыңдарманның жүрегін жаулап жүрген Қуандық Рахым Қарағанды қаласында 25 жасқа толуына орай арнайы кеш өткізді. Қуандықтың қуанышын бөлісуге жерлесі Мақпал Жүнісова, Тоқтар мен Бейбіт және Мөлдір Әуелбекова келген. Кеш барысында Мақпал Жүнісова әдемі әзілімен көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.

Әнші Қуандықты жете танымай тұрып шымкенттің тумасы деп ойлағанын айтты.

"Мен Қуандықты Шымкенттің жігіті деп жүрсем, біздің жақтың жігіті екен. Сендер әлгі өзбекше бір әннен бастадыңдар ғой, сосын сол жақтың жігіті шығар деп ойладым", - деп ағынан жарылған Мақпал апай өзбек тілінен аударылған әнді әзіл араластырып орындады.

Тағы оқыңыздар: Жануарлардың "тілін" білетін танымал пародист әке атанды

Желідегі парақшасына аталған видеоны жүктеген Мақпалдың қарапайымдылығына тәнті болғандар көп. Олар сүйікті әншілеріне тілектерін білдіріп, видеоны көріп күлкіге қарық болғандарын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1610510-ozbek-anine-parodiya-zhasaghan-maqpal-zhe/

pixel