Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ әжейдің қолынан сүйіп, құрмет көрсеткен Ердоғанның әйелі елді сүйсінтті (фото)

Опубликовано:

Жуырда Қазақстанға ресми сапармен ат басын тіреген Түркия президенті Ердоған өзінің жары Эминені де ерте келген. Ол Астананың көрікті жерлерін аралап, елорда тұрғындарын қарапайымдылығымен тәнті еткен болатын. Енді, міне, оның қазақ әжейінің қолын сүйіп тұрған суреті желіде тарап кетіп, елдің қызу талқысына түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Эмине Ердоғанның қазақ әжейіне сый-құрмет көрсетіп, оның қолынан сүйіп тұрған сурет Қазнет қолданушыларын сүйсінтті. Желі қолданушылары Түркияның тізгінін ұстап отырған азаматтың жан жарының аса қарапайымдылығы тәнті етті.

Тағы оқыңыздар: Еліміздегі ең беделді шенеуніктер Қанат Ислам жеңгенде орнынан тұрып кетті (фото)

"Бойында тәкаппарлықтың табы да жоқ", "Үлкендерге де неткен құрмет", "Қандай жайдары адам", "Адам ретінде мені қызықтырып қойды", - деп шуласты желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1613758-qazaq-azheydinh-qolynan-suyip-qurmet-ko/

pixel