Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова өмірлік жұбайының "шал" екенін айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекованың жеке өміріне қатысты кейінгі кезде ел арасында түрлі болжамдар айтылуда. Әншінің желідегі парақшасынан күйеуінің суретін таба алмаған  желі қолданушылары жұбайларды  ажырасып кетті деп те жатты. Ал  "Гәкку" арнасына сұхбат берген  Әуелбекова көпшіліктің болжамына нүкте қойып, өзінің "шалға" тигенін айтты.

Оқырмандардың бірі әртістен "Сіздің жарыңыз МС Сайлайбек пе?" деп сұрайды. Мөлдір болса Сайлаубектің өзінің күйеуінен жас екенін айтады.

" МС Сайлаубектің шашы бар, ал менің жұбайым тақырбас қой. МС Сайлаубек кепка киеді. Бәрі мені "шалға тиді" деп айтты ғой. Сондықтан менікі -шал, ал  Сайлаубек жас жігіт", -деді әнші.

Тағы оқыңыздар: Бір топ жігітке самаурынмен шәй құйған Тамара Асар тыңдарманының қатаң сынына қалды (видео)

Еске салсақ, Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы тұрмысқа шыққан. Әнші Арыстан есімді кәсіпкер жігіттің жары атанды. Жұбайлар бүгінде бір баланың ата-анасы. 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1616239-moldir-auelbekova-kuyeuininh-shal-eken/

pixel