Қытай қыздары Димаштың бетінен сүйген бойжеткенге қатаң ескерту жасады (фото)
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергенді бетінен сүйіп жатқан бойжеткеннің фотосы тарады. Мұны көрген қытай қыздары бойжеткеннің әрекетін жақтырмай қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
"Өтініш, Димашты сүймеңіз", - деген жазумен жария етілген фотоны Димаштың қытайлық фан-парақшаларының бірі жария етті.
"Бұл қыз кім? Біздің періштені сүюші болма", "Табынушысы болса қайтейін, әр жанкүйері оны осылай сүйе бере ме, сонда", - деп күйінді желі парақшасында қытайлық жанкүйерлері.
Тағы оқыңыздар: Аспаннан адам жауды: Адамзат тарихында аспаннан жауған жантүршігерлік дүниелер
Сол арада екінші желі қолданушысы бұлай сүйісіп-амандасу ел мәдениетінің бір ерекшелігі екенін алға тартып, қытайлық қыздарды сабырға шақырды.
"Бұл амандасу емес. Ол қыз Димашты еркінен тыс сүйіп алды, мен өз көзіммен көрдім. Қытайлық жанкүйерлері мұны түсіне алмайды. Қытайлық табынушылары оны қанша жақсы көрсе де, сүйісуге күштеген емес", - деп ренішін білдірді өзге пікір қалдырушы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1636167-qytay-qyzdary-dimashty-suygen-boyzhetk/