RU

Сиви Махмудидің өзге жігітпен "көңіл қосқаны" рас па?

Сиви Махмуди жаңа бейнебаянына күйеуі өзге жігіттерді түсірмей қойғанын айтты.  Әншінің жары Сивидің клипте өзге жігітпен көңіл қосқанын ұнатпағандықтан, жақын досыммен түсесің деген шарт қойған деп хабарлайды НТК арнасының "Ревюныюс" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Әнші Сиви Махмуди болса, бейнеклипін таспалауға баяғыда кірісіп кеткен. Алайда, әншінің жары видеотуындыда Сивидің сүйіктісінің рөлін, жат біреу сомдамасын деген қатал талап қойған. Бұл қызғаныштың қандай түрі?!

Өзгелермен талай бейнебаянда, тіпті толық метрлі картинаға түсіп жүрген сылқымға, аяқ асты қызғаныш білдірген әншінің күйеуі ерекше ұсынысымен таңқалдырған.

Тағы оқыңыздар: Жігер Ауыпбаевтың табынушысы "сен үшін өмірімді қиямын" деп әншіні қорқытқан

"Күйеуімнің жан досы. Басқа жігіттерден қызғанғаннан кейін, досы түссін деп ұсыныс жасады. Өзі сымбатты, өзінің кішкене болса да өнері бар болғаннан кейін, осы жігітпен басты рөлде жігітім ретінде түсейін деп жатырмын",- деді әнші.

Сюжет бойынша жарының жан жолдасымен көңіл жарастырған бейнеклипі «Кел жаным» атты әнге таспалануда.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1643992-sivi-makhmudi-kuyeuininh-dosymen-konhil/