RU

Астанада өткен сұлулық байқауының қыздарын басшылар қалай пайдаланған? (видео)

Елімізде жыл сайын өтетін "Хан Шатыр аруы" сұлулық байқауына қатысты биыл шу шықты. Оған қатысушылардың бірі Теміртау қаласының тұрғыны Наталья Лапкина өзінің Instagram парақшасында тікелей эфирге шығып, ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы аталған әлеуметтік желідегі zhaloby_astana деп аталатын пабликке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Желідегі пабликте жарияланған жазбаны назарға ұсынамыз:

"Халықаралық байқауға қатысқан бойжеткендердің бірі Наталья Лапкина Instagram желісіндегі тікелей эфирде байқаудың бар "былығын" елге жайып салды. Ол байқаудан соң "Хан шатырдағы" демалыс орнына қыздарды күштеп әкеліп, ойын-сауық кешін жасағандар туралы ашық айтты.

Кеште оларды байқау демеушілері, байқауға қатысы бар адамдардың барлығы, Rixos қонақүйінің басшысы Айтекин Гүлтекин болғанын айтады бойжеткен. Кеште қыздардың барлығы шомылуға киінетін киіммен жүрген.

Бұл кеш қонақүйге келген соң да жалғасқан. Натальяның сөзінше, олардың репетиторлары қыздардан сағат түнгі төртте элиталы нөмірге келіп, ұйымдастырушылармен көңіл көтеруін сұраған. Олар мұны оларға WhatsApp желісіне жазған.

Қатысушы қыздардың арасында тіпті кәмелетке толмаған қыз да болған. Нәтижесінде, нөмірде екі қыз қалды. Олардың бірі байқауда жүлделі болған ару. Олар таңға дейін өз нөмірлерінде болмаған", - делінген паблик жазбасында.

Ал желі қолданушылары болса, оның мәлімдемесіне қатысты түрлі пікірлерін жаудырды.

"Оған біреудің қызы, әпке-қарындастары қатысып отыр ғой. Ұйымдастырушыларды жазаласын", "Батылдық. Осы сөзі үшін оған ештеңе болмаса екен", "Сұмдық, батыл екен", "Байғұстар", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1648191-khan-shatyr-aruy-2017-qatysushysy-uyymdasty/