Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Иманбаеваның екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

Опубликовано:

Айгүл Иманбаеваның көмекшісі жуырда желідегі парақшасында әншінің белгісіз ер азаматпен құшақтасып тұрған суретін жариялаған болатын. Оған дейін отандық арналардың біріне сұхбат берген Айгүл Иманбаева елді елең еткізетін жаңалығымен бөлісетінін де айтқан еді.  NUR.KZ тілшісімен тілдескен әртіс жеке өміріне қатысты айтылып жатқан түрлі болжамдарға жауап берді.

Сіздің көмекшіңіз желідегі парақшасында сүйіктіңізбен құшақтасып тұрған суретіңізді жариялады. Оны көрген желі қолданушылары өзіңізді жуырда "екінші рет тұрмысқа шығады екен" деген болжамдарын айтты. Бұл қаншалықты рас?

— Сөздің шынына келетін болсақ, балам 20-ға келіп қалды. Қазір үйленейін деп тұрған бала жоқ. Оқуда, шетелде. Енді өзімнің жағдайыма келсек, жүрегімде бір адамның бар екені рас қой. Өнерде жүрген әншілердің жұбайлары үйде отырып, жарының ығына жығылып, оның ыстық -суығына көніп, гастрольдік сапарларына төзуде. Оның бәрін жұту, көтеру деген жүйкені талап етеді. Тура осы сынды біздің қасымызда болатын ер адам осының бәріне шыдау керек. Өзін -өзі тапқан қыздарға бұған көне қою өте қиындау. Сондықтан бір құдайдың бұйырғаны болады. Егер сондай қуанышты жаңалық болып жатса, міндетті түрде сүйінші сұраймын!

Қазақстан шоу -бизнесінде әншілердің жеке өмірі олардың өнерлерінен де артық танымалдыққа ие болып барады. Әсіресе жас қыздардың біреудің отбасын ойрандап, тоқал атанып жатуы қоғам алдында ашықтан -ашық жариялануда. Бұған не дейсіз?

— Тағдыр деген нәрсе бар. Біреуге ақыл айтудан аулақпын. Маңдайыңа не жазылып тұрғанын  білмейсің. Қазір 20-30 жыл отбасын құрып, балалы-шағалы, немерелі болып, отбасылары ажырап кеткен жағдайлар орын алуда. Болмаса қаншама халықтың алдында жүріп те небір шаңырақтың шырқы бұзылуда. Ал тоқал, екінші әйел деген тақырып біздің қоғамдағы өте өзекті мәселе. Егер ол біреудің отбасын бұзып, бала-шағасы, әйелінің назы мен көз жасына қалып, алып кетер болса оған қарсымын. Ол нәрсені тіпті қаламас та едім. Өйткені қарғыс, көз жас, нала бар. Онымен адам бақытты бола алмайды.  Сыртта екі қатыным бар деп әйелінен тығылып еркек болғанша, ашып айтып келісімін алып алсын.  Кейде мұндай тағдыр маңдайыңа жазылған болып, ол ер азамат дәстүрлі исламның жолымен отбасына ашық айтып, бірінші әйелінің рұқсатымен екінші жарды алып, ол екеуін тең көріп жатса, неге біздің қазіргі демографияны көбейтпеске?! Бірақ әттеген -ай қазіргі еркектің де, әйелдің де оған ішкі күші жете алмайды. Бәрі тығылып екінші болып сыртта ұстайды. Біреудің күйеуін өзімнің күйеуім деп айта да алмайсың. Сол себепті мен ойлаймын бәрі ашық -жарқын болып, некесі қиылып жатса таңғалудың қажеті жоқ деп.

Сізге отбасылы ер адам екінші жар болуға ұсыныс жасап, ашық -жарқын алып жүретінін айтса не деп жауап берер едіңіз?

— Қиындау нәрсе. Егер шынымен әйелі, бала -шағасы келісіп жатса, мен оны шын сүйсем махаббатым мен шынайы сезімім үшін келісер едім. Ал ертең мынау мені бағады -ау, көйлегім мен көлігімді әпереді ғой деген дүниелік оймен болып жатса, ешқашан шықпас едім.

Өзіңіз өткенде "Қалаулым" бағдарламасында қонақта болдыңыз. Қазір отандық телераналарды осындай арзан -шоулар басып алуда. Халық кезіндегі "Ұят болмасын" сынды бағдарламаларға сусап жүргендей. Жалпы бүгінгі көгілдір экранға көңіліңіз тола ма?

— Маған балам өткенде бір әңгімесінде айтып жатыр: "Мама, біз төрт жыл киноны оқып, танып, зерттейміз. Кейіннен біздің буын келіп сол кино әлеміне енгенше әшейін бір клип түсіріп, оператор болған білімсіздер режиссерге айналып, ол әлемнің деңгейі түсіп кетеді ғой" деп.  Былай қарасаңыз сөзінің айтып тұрған жаны бар. Телевизия , театр, кино саласы болсын өзінің кәсіби мамандары отыруы тиіс. Міне, көзі тірі Лидия Кәденова сынды апаларымыздың артынан еріп келе жатырмыз. Ол кісілер дастархан басында отырған кезде міндетті түрде аяқ жағында отырамыз. Гастролдік сапарларда шәй-суын беріп, ол кісілер жатқаннан кейін ғана тамаққа баратынбыз.  Жиналыста үлкендер сөйлегенде сөйлемей, әдептілік сақтайтынбыз.  Ал қазіргі жастар басқа, үлкеннің алдынан кесе өтпеу дегенді бойына сіңірмегендей. Яғни, жастар өздеріне дейінгі үлкендерге қарайлап, ойлы дүние жасауға ұмтылса.  Рейтинг рейтингімен ғой, бірақ дүркіреген нәрсе болмаса халықты елең еткізудің өзі қиын. Соның жолын баяғыдағы "Ұят болмасын" бағдарламасы секілді шымшып отырып, астарлай жеткізсе әдемі болар еді деп ойлаймын.

Күні кеше Абай Бегейге кәсіпкер азамат қымбат көлік сыйға тартты. Әншілерге қомақты сыйлық жиі келетін шығар. Сіздің өміріңізде алған ең үлкен сыйлығыңыз қандай?

— Ең үлкен алған сыйлығым 15 жыл бұрын сыйланған көлік еді. Менің өнерімді құрметтейтін кәсіпкер ағамыз "Сізден ештеңе керек емес, жаман ойламаңыз. Бұл жәй ғана өнеріңізге деген құрметім",-  деп есігімнің алдына қалдырып  кеткен. Тіпті оның кілтін өзім емес, інім барып алды. Әр нәрсенің сұрауы бар, сыйлықты кім жек көрсін?! Бірақ өзің тірнектеп, ақ адал еңбегіңмен тапқанға не жетсін?! Құдай несібемді солай жазған сияқты көрінеді. Оны өмірлік тәжірбиемнен байқап келемін.  Аспандағы айды ешкім әпермейді. Болмаса тегіннен -тегін жылтырақ келе қоймайды. Өз еңбегіңмен жеткен дүние қашан да тәтті! Кімнің бетіне болсын тік қарай аласың,  ұжданыңның алдында тазасың!

Айгүл Иманбаеваның көпшілікке таныс емес қандай тұстары бар?

— Мен кітап оқығанды жақсы көремін, кітапты жеймін десем де болады (күліп). Осы жолы мен бес кітап бітірдім. Оның бірі Орхан Памуктың "Сезім музейі", "Әлдиден эпосқа дейін". Кітап туралы тақырыпты талқылауға таң атқанға дейін бармын. Одан кейін, киноға жиі барып тұрамын, жұлдызнамаға сенбеймін.

Алтын уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға рақмет!

Тағы оқыңыздар:

Қуандық Бишімбаевтың сотқа тартылатын күні белгілі болды

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

Қызғаншақ жігіт сүйіктісін алып қашып кеткен азаматты аяусыз өлтіріп тастады

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, қар жауады

Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті кімнің тапсырысымен өлтіргенін айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1656091-aygul-imanbaevanynh-ekinshi-ret-turmys/

pixel