Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хитке айналған "Зың-зың" әнінің авторы қайтыс болды (фото)

Опубликовано:

Желіде хит болып кеткен "Зың-зың" әнінің авторы Болат Нұрымов кенеттен қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл ақпаратты желіде оның досы әнші Серік Ибрагимов елге жеткізді.

"Суретте тұрған бауырымның, досымыздың есімі Болат! Ол бауырымыз енді арамызда жоқ! Өте жақсы адам еді! Кішіпейіл, ақ көңіл жігіт болатын! Бақилық болды! Алла мейіріміне алсын! Мейірімі шексіз Аллаxым жәннәттан орын бер! Кешірімді Алла баршамызды кешір! Ия Аллам рақымыңа алғайсың! Аумин! Дұға жасап қойыңыздар, ағайын! Алла жар болсын, баршамызға!", - деген ол адамдарды бір-біріне кешіріммен қарап, сыйласып өту керектігін еске салды.

Әзірге музыканттың неден қайтыс болғаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1657052-khitke-aynalghan-zynh-zynh-anininh-avtory-q/

pixel