Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан өзіне хит әнді сыйлаған авторды сотқа бермек болған

Опубликовано:

Ерке Есмаханның  репертуарындағы "Қайда" әнін автор Диана Исмаилова небәрі 9 сыныпта жазғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Аталған хит ән үшін орындаушы мен ән авторы арасында біраз дау да болыпты. Ерке тіпті өзіне хит әнді сыйлаған әншіні сотқа беруге дейін барған деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Ән шыққан соң бір айдан кейін Еркеге қырғыз әншісі хабарласқан. Ерке оған менің нөмірімді беріпті. Қырғыз қызы оны аударып өз тілінде орындағысы келетінін айтты. Мен оған да орындаушылыққа рұқсатымды бердім. Одан кейін кикілжіңдер болды. Ерке бұл әннің қырғызша бейнебаянының шығуына қарсы болды. Онымен соттасады деп естідім.

Қырғыз әншісі маған хабарласып жүрді. Ойланып қарасам, қырғыздан қанша ән алып жатырмыз. Бауыр халық қой. Басқа тілде орындалып жатса, онда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Ол жақта да біршама танымалдылыққа ие болды. Мен бейнебаянға рұқсат берген жоқ едім. Сонда да түсірген екен. Қырғыздардың нұсқасы шыққанда Ерке маған ренжіді.

Тіпті Еркенің менің өзімді сотқа берем деп одан әрі дауды ушықтырғаны менің көңілімді қалдырды. Бірақ ренжитіндей емес, себебі қырғыз әншісімен мені өзі байланыстырып берді», - дейді Диана Исмаилова.

Еске салсақ,  Еркенің орындауындағы Диана Исмаилованың "Қайда" әні қаралымы жағынан рекордтық көрсеткіш орнатып, бүгінгі күнге дейін 32 миллионнан асты.

Тағы оқыңыздар:

Енді жүргізшулер «Ш» белгісін жапсырып жүруге міндетті емес

Мәжіліске шикі заң жобасын әкелген министрдің басы дауға қалды

ОҚО әкімі Түймебаевтың жерлестері бензин таппай, әбден әбігерге түсті

Қай елде мұсылман қыздарға селфи жасап, желіге жүктеуге тыйым салынған?

Алматылық отбасы кішкентай ұлының отасына ақша таппай жанұшырып жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1658179-erke-esmakhan-ozine-khit-andi-syylaghan/