Жеңіс Ысқақова "келінімді қыздай көремін" дейтін енелерді сынап тастады
Опубликовано:
Таяуда ғана «жұлдызды енелердің» тізімін толықтырған Жеңіс Ысқақова аздаған уақытта мол тәжірибе жинап үлгерген. Әнші келінімді қыздай көремін деген әңгіменің бәрі өтірік екенін айтты деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Ойбай, мен келінімді қыздай көремін деген әңгіменің бәрі өтірік. Тағы айтамын, мен өзімнің келінімнің алдында дұрыс болуға тырысамын. Ол да менің алдымда дұрыс болуға тырысады»,- дейді әнші.
Ысқақованың сөзінше, келінмен арадағы кикілжің енелердің ессіздігінен туындайды екен.
«Менің айтқанымды істейсің, менің айтқанымдай деген принципті қою керек сияқты. Келіп алып, менің заңыммен, менің дәстүріммен жүр деуге болмайды. Жәймен үйрету керек деп ойлаймын.
Кім таңертең жұмысқа кетеді. Сол өзінің шәйін ішіп кете береді деген болмайды.
Біреу жұмысқа кетеді ме, бәріміз бірге таңғы асты ішіп, бәріміз бірге дастарханнан тұруымыз керек. Содан кейін, өзіміздің жұмысымызбен кетуіміз керек. Бірақ, бүгінгі күні келінім соны орындап отыр, Аллаға шүкір! Әрі қарай көре жатармыз енді»,- деді Ысқақова.
Еске салсақ, Жеңіс Ысқақова жуырда тұңғышын үйлендіріп, қайын ене атанды.
Тағы оқыңыздар:
Назарбаев пен Лукашенко Минскідегі кездесуде не талқылады?
Жол апатында екі аяғынан айырылған қыз: Аяғымнан тұру үшін 20 млн керек
Бұрынғы күйеуін жек көретін ақтөбелік келіншек балағат сөзі үшін сотта жауап берді
Даниал Ахметов өңірдегі елді мекен атауларын қашан қазақшаға ауыстыратынын айтты
Алматыда «қайтарымсыз несие» алып беремін деп жұртты алдап соққан алаяқтар ұсталды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1692171-zhenhis-ysqaqova-kelinimdi-qyzday-kore/